Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w06 1.5. 3—4 бет.
  • Пікір алыса білесіңдер ме?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Пікір алыса білесіңдер ме?
  • 2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Сыйлық қымбат емес, сыйластық қымбат
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Мәсіхшілік некеңіз баянды болсын!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Ехоба куәгерлері отбасын бұза ма?
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Құдай қосқанды адам баласы ажыратпасын!
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w06 1.5. 3—4 бет.

Пікір алыса білесіңдер ме?

“АЛПЫС жастағы кісінің махаббат хаты”. Осыдан бірнеше жыл бұрын Жапониядағы бір банк өткізген байқаудың тақырыбы осылай аталды. Онда 50 және 60 жастағы жапондықтар өз жұбайларына деген “шынайы сезімдерін” айтуға шақырылды. Байқауға қатысушылардың бірі әйеліне былай деп жазды: “Сен, бәлкім, күлетін шығарсың, бірақ егер мұны айтпасам, кейін қатты өкінем. Саған дауыстап: — Маған тұрмысқа шыққаның үшін көп рақмет!— деймін”.

Бірқатар елдің мәдениетінде, мысалы кейбір Шығыс мәдениетінде, адамның өз сезімін ашық айтқанын құп көре бермейді. Десе де жоғарыда айтылып кеткен “махаббат хаты” байқауына 15 000-нан астам адам жауап қатты. Оның адамдарға ұнағаны сонша, кейін тағы бір рет өткізілді, сондай-ақ оған келген хаттарға негізделген кітаптар жарық көрді. Осының бәрі көп адамдардың аяулы жарына деген жүрек түбіндегі сезімін білдіруді қатты қалайтынын көрсетеді. Ал кейбіреулер, керісінше, сезімдерін айтқысы келмейді. Неліктен? Бәлкім, адамға өз сезімін біреуге айтып түсіндіру үшін қандай да бір шамада күш пен шеберлік қажет болғандықтан шығар.

Зейнетке шығу туралы кітап жазған Хитоси Като Жапониядағы егде тартқан ерлі-зайыптылар арасында ажырасуға арызды бірінші болып жылдар бойы іші ренішке толған әйелдер беретінін айтады. “Бірақ бұл ерлі-зайыптылардың бастарына қиындық түскен сәттерде ашық сөйлеспегендерінің кесірінен де болып отыр”,— дейді ол.

Кейде зейнетке шыққан күйеуі әйелінің ажырасайын деп жатқанын білгенде, төбесіне жай түскендей болар. Бұндай жағдайға олар көп жылдар бойы бір-біріне деген сезімдерін ашық айтпағандықтан тап болуы мүмкін. Бәлкім, күйеуі мен әйелі өз сезімдерін айтып көрмекші болған да шығар, бірақ жағымды мәнерде сөйлесе алмай, қайта-қайта ұрысып қала берген болуы мүмкін. Сондықтан араларында жақын қарым-қатынас дамымаған.

Қалай ерлі-зайыптылар араларындағы келіспеушілікті ынтымақпен шешіп, ой-сезімдерін бір-біріне жағымды түрде айта алады? Бұған қатысты өте пайдалы кеңестер бар. Бірақ оларды неке туралы кеңес берушінің қандай да бір соңғы шыққан кітабынан емес, ғасырлар бойы құнды болып келген ежелгі кітап — Киелі кітаптан табуға болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу