Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w05 1.7. 3—4 бет.
  • Жан дүние тыныштығын іздеу

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жан дүние тыныштығын іздеу
  • 2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Қанағат пен жомарттық
    Ояныңдар! 2018
  • Шынайы бақытты табудың жолы
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w05 1.7. 3—4 бет.

Жан дүние тыныштығын іздеу

АЛЬБЕРТ — сүйкімді балалары бар бақытты отбасының отағасы. Бірақ ол өмірінде бірдеңе жетіспей тұрғандай сезінетін. Жұмыс табу керек болып, шарқ ұрып жүрген кезінде, ол саясатқа араласып, социализм идеологиясын қабылдайды. Тіпті жергілікті жердегі коммунистік партияның белсенді мүшесі болады.

Алайда көп ұзамай-ақ Альберттің коммунизмнен көңілі қалады. Ол саясаттан кетіп, бар өмірін отбасына арнайды. Отбасының бақыты өмірінің мағынасына айналады. Әйтсе де құлазыған көңілі маза бермей, бірдеңені керек етіп тұрады: нағыз жан дүние тыныштығын табар емес.

Мұндай жайтты бастан өткізген тек Альберт қана емес. Өмірдің мән-мағынасын табу үшін көп адамдар түрлі идеологияларды, пәлсапа мен діндерді байқап көрді. 1960 жылы Батыста қалыптасқан құлықтылық нормалары мен қоғамдық құндылықтарға қарсы хиппилер қозғалысы орын алған болатын. Әсіресе жастар бақыт пен өмірдің мағынасын есірткіден, сол қозғалыстың рухани демеушілері мен көсемсымақтарының пәлсапасынан іздеген. Алайда хиппилер қозғалысы шынайы бақыт әкелмеді. Қайта, нашақорлар мен бұзылған жастардың көбеюіне ықпал етіп, қоғамның құлықтылық жағынан құлдырауын тездетті.

Ғасырлар бойы көбісі бақытты байлықтан, билік пен білімнен іздеді. Ақыр соңында бұлардан да адамдардың көңілі қалды. Иса: “Байлығы қанша зор болса да, адам сол арқылы өз өмірінің иесі бола алмайды”,— деген болатын (Лұқа 12:15). Есіл-дертпен байлықтың соңына түсу әдетте бақытсыздыққа душар етеді. Киелі кітапта: ‘Баюға ұмтылғандар азғыруға ұшырап, өздерін апатқа, құруға алып келетін көптеген ақымақ та зиянды құмарлықтардың торына түседі. Өйткені ақшақұмарлық — әр түрлі жамандықтың түп тамыры... қайғы-қасірет пен өкінішке душар етеді’,— делінген (Тімотеге 1-хат 6:9, 10).

Онда адам жан дүние тыныштығы мен өмірдің мән-мағынасын қалай таба алады? Бұл үшін қараңғыда нысанаға садақпен жебе атқандай, әр нәрсені бір байқап көру керек пе? Бақытымызға орай, бұлай емес. Келесі мақаладан көретініміздей, мұның шешімі адамның маңызды да ерекше қажеттілігін қанағаттандыруында жатыр.

[3-беттегі сурет]

Байлықтың, билік не білімнің соңына түсу жан дүние тыныштығын табуға көмектесе ме?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу