Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w04 1.3. 32-б.
  • Оқырмандардың сауалдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқырмандардың сауалдары
  • 2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w04 1.3. 32-б.

Оқырмандардың сауалдары

Неге Яһуда Жаратылыс 38:15, 16-да айтылғандай, жезөкше деп ойлаған әйелмен жыныстық қатынасқа түсті?

Яһуда жезөкше деп ойлаған әйелмен жыныстық қатынаста болғанымен, шын мәнісінде, ол әйел жезөкше болған жоқ. Жаратылыстың 38-тарауына сәйкес не болғанын қарастырып көрейік.

Яһуданың тұңғыш ұлы Ер әйелі Тамардан бала көрмей, өлім жазасына кесіледі, өйткені ‘Жаратқан Ие Ердің іс-әрекетін жек көрді’ (Жаратылыс 38:7). Сол уақыттағы дәстүр бойынша, жесір қалған әйелге қайын іні, қайын ағаларының бірі әмеңгер болуға тиіс-тін. Бұндай шара адам мұрагері болмай тұрып қайтыс болған кезде қолданылатын. Оның бауырлары мұрагер қалдыру үшін жесір әйелге үйлену керек-тін. Бірақ Яһуданың екінші ұлы Онан өз міндетін орындаудан бас тартады. Нәтижесінде Құдайдың шығарған үкімі бойынша қайтыс болады. Сондықтан Яһуда үшінші ұлы Шела үлкейіп, Тамарға үйленетін жасқа жеткенше, келінін әкесінің үйіне қайтарады. Уақыт өте береді, алайда Яһуда Тамарды Шелаға қоспайды. Сонымен Яһуданың әйелі дүние салғанда, Тамар қайын атасы исраилдік Яһудадан мұрагер туу үшін жоспар құрады. Ол жезөкше әйел сияқты киініп, Яһуда өтетін жолдың бойында оны тосып отырады.

Яһуда Тамарды танымай, онымен жыныстық қатынасқа түседі. Тамар Яһудадан жүкті болғанын дәлелдеу үшін көрегендікпен ақы ретінде кейбір заттарын сұрап алады. Ал шындық ашылғанда, Яһуда оны кінәламай, кішіпейілділікпен: “Ол менен әділеттірек, себебі мен оны ұлым Шелаға қосқан жоқпын”,— деді. “Ал мұнан кейін ол Тамармен қайтадан жақындасқан жоқ” деп айтуға болады (Жаратылыс 38:26).

Тамарды Шелаға қосам деген уәдесінде тұрмай, Яһуда дұрыс істемеді. Сондай-ақ ол жезөкше деп ойлаған әйелмен жыныстық қатынасқа түсті. Ал бұл адам тек некеде ғана жыныстық қатынаста бола алады деген Құдайдың еркіне қайшы болды. Сондықтан Яһуданың іс-әрекеті Құдайдың еркіне сай болмады (Жаратылыс 2:24). Дегенмен де, Яһуда жыныстық қатынаста жезөкше әйелмен болған жоқ. Шын мәнісінде, ол мұнысын өзі аңдамай ұлы Шеланың орнына әмеңгер болып туған ұрпақтың заңды әкесі болып шықты.

Ал Тамардың іс-әрекеті азғындыққа жатқан жоқ. Оның егіз ұлы азғындықтан туылған болып есептелмейді. Бетлехемдегі Боғоз моабтық Рутқа әмеңгер ретінде үйленген кезде, Бетлехемнің ақсақалдары Тамардың ұлы Парес туралы жақсы лебіз білдіріп, Боғозға былай деді: “Ата-тегіміз Яһудаға Тамар Паресті туып беріп, үлкен әулетті таратқандай, Жаратқан Ие осы жас әйелден сыйлайтын ұрпақтарың арқылы сені де үбірлі-шүбірлі қыла көрсін!” (Рут 4:12). Сонымен қатар Парес те Иса Мәсіхтің ата-тегіне енгізілді (Матай 1: 1—3; Лұқа 3:23—33).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу