Құдайдың сүйіспеншілігін сезінесіз бе?
БІР ЖОЛЫ Әйүп атты кісі кемелсіз адамның жағдайын келесі сөздермен суреттеген еді: “Әйелден туған адамның өмірі қысқа және қайғыға толы. Гүл сияқты шығады да, қайта солады, көлеңке сияқты ғайып болады, сақталмайды” (Әйүп 14:1, 2). Әйүп өмірдің азап пен қайғы-қасіретке толы екенін сезінген еді. Сіздің де Әйүп сияқты сезімде болған кезіңіз болды ма?
Алайда, барлық қиыншылықтар мен проблемаларға қарамастан Құдайдың қайырымдылығы мен сүйіспеншілігі бізге берік үміт береді. Біздің көктегі Әкеміз ең алдымен адамзатты құлдыраған, күнәкар жағдайдан құтқару үшін азаттық төлемін өтеуді қарастырды. Жохан 3:16, 17-ге сәйкес, Иса Мәсіх былай деген болатын: “Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады. Құдай Өзінің рухани Ұлын адамзатты соттауға емес, құтқаруға жіберді”.
Құдай біздерге, яғни кемелсіз адамдарға қандай мейірімділік танытып отыр десеңізші! Елші Пауыл былай деп жариялады: “Ол бір кісіден бүкіл адамзатты таратып, бүкіл жер жүзіне мекендетіп, нақты мерзімдерді де, олардың тұратын жерлерін де белгілеп берді. Құдай бұны адамдар Өзін іздесін, мүмкін, қарманып жүргендей іздестіріп, тауып алсын деп істеді. Ол әрқайсысымыздан алыс емес” (Елшілердің істері 17:26, 27). Өзіңіз ойлап қараңызшы! Кемелсіз болсақ та, біз сүюші Жаратушымыз Ехоба Құдаймен жеке қарым-қатынаста бола аламыз.
Құдайдың бізді сүйетінін және біздің мәңгілік пайдамыз үшін шара қолданып қойғанын білгендіктен, болашаққа қорықпай қараймыз (1 Петір 5:7; 2 Петір 3:13). Олай болса, неге Киелі кітапты зерттеу арқылы сүюші Әкеміз туралы көбірек білмеске?!