Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w01 1.11. 3—4 бет.
  • Ібіліс — расында да бар ма?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ібіліс — расында да бар ма?
  • 2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Ібіліс — жай ғана ырымшылдық емес
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Киелі кітапта не делінген?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Дүние шын мәнінде кімнің билігінде?
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Исаға ұқсап, “Шайтанға қарсы тұрыңдар”
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w01 1.11. 3—4 бет.

Ібіліс — расында да бар ма?

“Құдайдың расында да бар екеніне бүгінде адамдар қалайша сенетін болса, ал мұндай адамдардың саны барған сайын азайып барады, христиан шіркеуінің тарихында Әзәзілдің, Белзебүлдің немесе Шайтанның, яғни зұлымдықтың әміршісінің, барына және оның күшті екеніне тап солай сенетін кезең болған. Әзәзіл [яки Ібіліс] — еврейлер мен ертедегі христиандар ойдан шығарған жартылай адам, жартылай хайуан — олардың айналасында болып жатқан бар зұлымдықтың басы болған. Кейінірек христиандар бұл ойдан шығарылған бейненің шындыққа тура келмейтінін мойындап, үндемей-түндемей одан бас тартты” (Людовик Кеннеди, “All in the Mind — A Farewell to God”).

ЖАЗУШЫ әрі теле-радиохабарларды жүргізуші Людовик Кеннедидің айтуынша, жүздеген жылдар бойы христиан әлемінде ешкім Ібілістің барына күмәнданбаған. Профессор Норман Конның пайымдауынша, кейде христиандардың “саналарын Шайтан мен оның жын-перілері туралы ой ерекше билеп алатын” кездер болатын (Europe’s Inner Demons). Мұндай ой тек қарапайым, сауатсыз шаруалардың санасын билеген жоқ еді. Мысалы, профессор Конның айтуынша, Ібіліс хайуан кейпіне еніп, зұлым күштер мен әдепсіз салт, жораларды басқарады деген түсінік “фольклорда, яғни оқымаған көпшіліктің шығармасында, болмаған. Керісінше, мұндай көзқарас зиялылардың арасында кеңінен тараған болатын”. Тап сол зиялылар, сонымен бірге білімдар дінбасылары да, XV—XVII ғасырлар аралығында бүкіл Еуропаны жайлаған мыстандарға қарсы жорық ұйымдастырған. Осы уақыт аралығында шіркеу мен мемлекеттің жарлығы бойынша, сиқыршы деп кінә қойылған шамамен 50 000 адам азапталып өлтірілгені мәлім.

Көпшіліктің Ібіліс туралы ұғымды анайы нанымдылық деп одан бас тартқаны таңғаларлық емес. Тіпті 1 726 жылы Даниель Дефо қарапайым халықтың Ібіліске “жарғанаттың қанатындай қанаты бар, мүйізді, айыр тұяқты, ұзын құйрығы мен айыр тілі, тағы сол сияқтылары бар” қорқынышты құбыжық деп сенетіндігін келеке еткен болатын. Оның айтуынша, Ібілісті бұлай бейнелеу — “ақымақтық, ақылға сыймайтын сандырақ”, “Ібілісті тым қорқынышты етіп көрсететіндердің” және “қараңғы, сауатсыз адамдарды Ібіліс туралы өздері ойдан шығарған нәрселермен алдайтын” адамдардың қиялы.

Бәлкім, сіз де солай ойлайтын шығарсыз. “Шындығына келгенде өздерінің күнәларын ақтау үшін әзәзілді адамдар ойдан шығарған” деп ойлайсыз ба? Бір Киелі кітап энциклопедиясында (The Zondervan Pictorial Encyclopedia of the Bible) осылай делінген, сондай-ақ өздерін христианбыз дейтін көптеген адамдар да тап солай ойлайды. Джеффри Бертон Расселлдің айтуынша, христиан әлемінің дінбасылары “Ібіліс пен жын-перілер туралы ойды ырымшылдық және ескіліктің сарқыншақтары деп одан мүлдем бас тартқан”.

Бірақ кейбір адамдар үшін, Ібіліс — расында да бар тұлға. Олардың ойынша, тарих бойында болған зұлымдықтың артында табиғаттан тыс қандай да бір зұлым күш тұр. “XX ғасырда болған жан түршігерлік оқиғалар”, Расселлдің айтуынша, “көп уақыт бойы жоқ деп келген Ібілістің бар екеніне адамдардың сенімінің қайта күшейе түсуінің” себептерінің бірі болған. Жазушы Дон Льюистің ескеруінше, бүгінде “қараңғы, сауатсыз ата-бабаларының” ырымшыл қорқынышына “мысқылдап күлетін” кейбір оқыған адамдардың “өздерін де табиғаттан тыс зұлымдықтың тылсым сыры қызықтырады” (Religious Superstition Through the Ages).

Сонымен, шынында да Ібіліс — жай ырымшылдық па? Жоқ, әлде XXI ғасырда да оның бар екенін елеусіз қалдырмай, ерекше көңіл қойған жөн бе?

[4-беттегі сурет]

Гюстав Доренің гравюрасында көрсетілгендей, ежелгі кезде Ібіліс — жартылай адам, жартылай хайуан деген ырымшыл ұғым бар болатын

[Сурет Рұқсатымен]

The Judecca​—Lucifer/The Doré Illustrations For Dante’s Divine Comedy/Dover Publications Inc.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу