Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w01 1.2. 32-б.
  • “Бірліктің үлгісі”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Бірліктің үлгісі”
  • 2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w01 1.2. 32-б.

“Бірліктің үлгісі”

ИДАЯТУБА (Бразилия, Сан-Паулу) қаласында шығатын газеттегі мақала осындай тақырыппен шыққан болатын. Мұндай үлгі көрсеткен кім болды екен? Мақаланың авторы былай деп жазды: “Патшалық Сарайын” соғуды жоспарлап жатқан Ехоба Куәгерлері — олар өздерінің шіркеулерін немесе лекторийлерін осылай атайды — қызметтестіктің керемет үлгісі. Мұны елеусіз қалдыру мүмкін емес”.

Мұндай жағдайларда Ехоба Куәгерлерінің арасындағы бірлік айқын көрінеді. Мақалада былай деп ескерілді: “Құдайға бірге мінажат ету үшін зал соғу барысында ерікті жұмысшылардың — ерлер, әйелдер және жас өспірімдердің — бар ынталарымен иін тіресе еңбек етіп жүргендері көңілді толқытады”.

Ехоба Куәгерлері басқа жағдайларда да жақсы үлгі көрсетеді. Мақалада былай делінген болатын: “Киелі кітапты зерттеп, дұға айтумен қоса, олардың мақсаты — маскүнемдер мен нашақорлардың жөнделуіне көмектесу, сондай-ақ адамдарға ынтымақтастық пен сүйіспеншілікке қол жеткізудің жолын көрсету болып табылады”. Олар мұны қалай жүзеге асыруда? Куәгерлер Киелі кітаптың кеңестерін өмірде қолдану адамның жаман қасиеттерінен арылуына көмектесетінін біледі. Сондықтан олар Киелі кітаптан өздері үйренген нәрселерді басқаларға үйретуге тырысады. Мақаланың соңында Ехоба Куәгерлерінің “еш күмәнсыз, кешеуілдетпестен еліктеуге тұрарлық үлгі” екендігі айтылған.

Ехоба Куәгерлерінің кездесулерінде барлық адамдар үшін есік ашық, әрі онда келушілерден ақша жиналмайды. Сізді шын жүректен жақын арадағы Патшалық Сарайына шақырамыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу