Нью-Йорктан көшіп кеткеннен кейін оның аңсағаны
«ҚҰДАЙ СӨЗІ — Киелі кітапты күнделікті оқыңдар!» деген жазу Бруклиндегі Күзет Мұнарасы қоғамының баспаханасы орналасқан ғимаратта 1950 жылдардан бері ілулі тұр. Жергілікті тұрғындар мен саяхатшылар және басқа да адамдар аталмыш ғимарат орналасқан ауданға келіп қалғанда, Киелі кітапты күнделікті оқуға шақыратын осы сөздерді көреді. Төменде келтірілген жас Куәгер қыздың хатынан осы ескертудің қаншалықты әсері бар екені көрінеді.
«Бір сыныптас құрбыммен мектепті бітірген соң менің немен айналысатыным жөнінде әңгімелестік. Мен Ехоба Куәгерлерінің бас басқармасы Бетел жөнінде айта бастадым. Бұл әңгіме құрбымды қанаттандырып жібергендей болды. Сосын ол осы уақытқа дейін Нью-Йоркта тұрғанын айтты. Құрбымның отбасы аса діндар емес көрінеді, бірақ ол күнде таңертең терезеден «Құдай Сөзі — Киелі кітапты күнделікті оқыңдар!» деген жазуды көріп жүреді екен. Сондықтан мектепке бару үшін үйден шығар алдында күнделікті Киелі кітапты оқып жүріпті.
Құрбымның айтуынша, Нью-Йорктан басқа қалаға көшіп кеткеннен кейін, таңертең тұрғанда Киелі кітапты оқу керек екендігін ескертіп тұратын сөздерді көруді аңсайтын көрінеді. Сөйтсе де Күзет Мұрасы ғимаратындағы осы жазудың арқасында ол Киелі кітапты күнделікті оқуға дағдыланып қалыпты, сондықтан әлі күнге дейін Киелі кітапты күнделікті оқиды екен!»
Жаңа күнді Киелі кітапты оқумен бастағанға не жетсін! Солай етер болсаңыз, елші Пауылдың: «Киелі жазбалар... сені парасатты етіп, Мәсіх Исаға деген сенімің арқылы құтқарылуға бастап әкеледі»,— деген сөздерінің мағынасын терең түсінетініңізде сөз жоқ (2 Тімотеге 3:15—17).