«Шіркеуге келушілерді қалай оятсақ екен?»
Франциядағы «Христиан отбасы» («Famille Chrétienne») деген католик журналында жақында көтерілген бұл сұрақ адамдардың көпшілігін таңғалдырған жоқ. Британияның кардиналы Хьюм шіркеуге келушілерді тіпті «ұйқыда жатқан дәулер» деп атаған болатын. Қалғып-мүлгіген күйден адамдарды шығару үшін, солардың өздерінен уағыздаушылар тобын ұйымдастыру ұсынылған болатын. Италиядағы шіркеудің бір қызметкері бұны «адамдарға ізгі хабарды тікелей уағыздаудың жаңа әдістері» деп атады. Бұл пікірді жақында Рим папасы құптағанымен, өзінің сенімі жайында өзгелермен бөлісуді бәрі бірдей қажет деп таппайды.
Милан қаласындағы шіркеудің қызметкері Пиджи Перини жақында Африкада болған кезде, монах әйел оған былай деді: «Осы жерде 40 жыл өмір сүріп, Африканың мәдениетіне зиян келтірмеу үшін мен бір рет те Исаның атын аузыма алмаппын». Содан кейін Пиджи Перини мынадай тұжырым жасады: «Біз Иса жайында айтпаймыз, Оған деген сеніміміз жайында өзгелермен бөліспейміз де, сондай-ақ ізгі хабарды да таратпаймыз». Дегенмен кейбіреулер үшін уағыз тарату өмірдің маңызды бөлігі болып табылып, олардың рухани сергек болуына көмектеседі. «Егер сен базарда Мәсіх жайында айтып жүрген, немесе қолдарына Киелі кітап ұстаған екі адамды кездестірсең, „мынау Ехоба Куәгерлері ғой!“ дейсің»,— деп Пиджи Перини мойындады.
Миллиондаған адамдарға Құдай сөзі жайында Ехоба Куәгерлерімен сөйлескен ұнайды. Сен тұрып жатқан жерде де Куәгерлердің Киелі кітап жайында сөйлесетіні сөзсіз. Бірінші ғасырдағы мәсіхшілерге еліктеп, өздерінің сенімі жайында өзгелермен бөлісуге олар бірін-бірі бар ынтасымен жігерлендіреді. Олардың бас қосатын жері (Патшалық сарайы деп аталады) — жылы, достық қарым-қатынастың ордасы. Рухани ұйқымен қалай күресуге болатынын білу үшін, неге Ехоба Куәгерлерінің кездесулерінің біріне барып қатыспасқа?