Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • th 14-саб., 17-б.
  • Негізгі ойларға баса назар аудару

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Негізгі ойларға баса назар аудару
  • Оқу мен тәлім беру қабілетін шыңдайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Негізгі ойларға баса назар аудару
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Баяндама жоспарын құру
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Тақырыптың ашылуы
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Негізгі ойларды еске түсіріңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
Көбірек мәлімет
Оқу мен тәлім беру қабілетін шыңдайық
th 14-саб., 17-б.

14-САБАҚ

Негізгі ойларға баса назар аудару

Жазба орны

Еврейлерге 8:1

САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Тыңдаушыларға баяндамаңызға ілесіп отыруға көмектесіңіз, әрбір негізгі ой тақырыбыңызбен және мақсатыңызбен қалай байланысатынын анық көрсетіңіз.

ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:

  • Мақсатыңызды анықтау. Баяндаманың мақсаты ақпарат беру ме, көз жеткізу ме, әлде тыңдаушыларды іс-әрекетке талпындыру ма? Осыны анықтаған соң, баяндаманы сол бағытта өрбітіңіз. Негізгі ойлардың бәрі мақсатыңызға қол жеткізуге көмектесу керек.

    Пайдалы кеңес

    “Бұл тақырыпқа қатысты тыңдаушыларда қандай сұрақтар туындауы мүмкін? Қай сұрақтан қай сұрақ шығуы мүмкін?”— деп ойланып көріңіз. Сосын айтар ойларыңыздың ретін соған сай құрастырыңыз. Сонда тыңдаушыларға баяндамаға ілесу, мәліметті түсіну және қабылдау жеңіл болады.

  • Баяндаманың тақырыбына екпін түсіріп отыру. Баяндама барысында тақырыбыңызға оралып отырыңыз. Бұл үшін оның негізгі сөздерін қайталаңыз немесе синонимдерін қолданыңыз.

  • Негізгі ойларды анық әрі қарапайым ету. Тақырыбыңызбен байланысы бар және берілген уақыт ішінде жақсылап жеткізе алатын негізгі ойларды ғана таңдаңыз. Негізгі ойларыңыз көп болып кетпесін. Олардың әрқайсысын анық көрсетіңіз, араларында кідіріс жасаңыз, бір ойдан екінші ойға күрт секіріп кетпеңіз.

    Пайдалы кеңес

    Тыңдаушылар ілесіп отыру үшін негізгі ойларды алғы сөзіңізде айтсаңыз болады, я болмаса олар есте қалу үшін қорытынды сөзіңізде қайталап өтсеңіз болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу