Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • rr 102—103 бет.
  • Неге 1919 жыл?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Неге 1919 жыл?
  • Ехоба таза ғибадатты қалпына келтірді!
  • Ұқсас мәлімет
  • 1919: жүз жыл бұрын
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Көкте Құдай Патшалығы орнады!
    Құдай Патшалығы билік етуде!
  • Олар жалған діннің құрсауынан босады
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • “Қурап қалған сүйектер” және “екі куәгер”. Олардың қандай байланысы бар?
    Ехоба таза ғибадатты қалпына келтірді!
Көбірек мәлімет
Ехоба таза ғибадатты қалпына келтірді!
rr 102—103 бет.
Джозеф Рутерфорд 1919 жылы Киелі кітап зерттеушілерінің конгресінде ағаштар астында отырған тыңдармандарға сөйлеп тұр.

1919 жылы өткен елеулі конгресс — Құдай халқы Ұлы Бабылдың тұтқындығынан азат болғанының бұлтартпас дәлелі

ҚОРШАУ 9Ә

Неге 1919 жыл?

Құдай халқы Ұлы Бабылдың тұтқындығынан 1919 жылы азат болды деу неге қисынды? Бұл үшін Киелі кітап пайғамбарлықтары мен тарихи деректерді бірге алып қарайық.

Киелі кітап пайғамбарлықтары мен тарихи деректер Исаның 1914 жылы көкте билік ете бастағанын және Шайтан билеген дүниенің ақыры, яғни соңғы күндердің басталғанын айқын етеді. Иса Патша тағына отырғаннан кейін не істеді? Ол бірден жердегі қызметшілерін Ұлы Бабылдың тұтқындығынан босатты ма? Ол 1914 жылы “адал да ақылды құлды” тағайындап, егін жинау ісіне кірісті ме? (Мат. 24:45).

Жоқ, олай дей алмаймыз. Есіңізде болса, елші Петір рухтың жетелеуімен соттың “Құдай үйінен басталатынын” айтқан болатын (Пет. 1-х. 4:17). Малахи пайғамбар да Ехоба өз ғибадатханасына “келісім хабаршысымен” бірге, яғни Исамен бірге келетін уақыт жайында алдын ала айтқан (Малх. 3:1—5). Бұл — сынақ пен тазарудан өту кезеңі. Тарихи деректер осы айтылған пайғамбарлық сөздерді растай ма?

Әлбетте! 1914 жылдан бастап 1919 жылдың басына дейін Киелі кітап зерттеушілері (кейінірек Ехоба Куәгерлері деп аталған) сынақ пен тазару кезеңінен өтті. 1914 жылы дүниенің соңы келеді деген үміттері ақталмай, көбісінің қатты көңілі қалды. Ал 1916 жылы Құдай халқына белсене жетекшілік еткен Чарлз Т. Расселл көз жұмғанда, жағдай одан бетер ушықты. Расселл бауырласқа қатты үйреніп қалған кейбіреулер оның орнына тағайындалған Джозеф Ф. Рутерфордқа қарсы шығуларын қоймады. Алауыздық күшейген үстіне күшейіп, 1917 жылы ұйым екіге бөлінуге шақ қалды. Ол — ол ма, 1918 жылы дінбасылардың үгіттеуімен болса керек, Рутерфорд бауырлас пен тағы жеті бауырласқа жалған айып тағылып, олар түрмеге қамалды. Артынша Бруклиндегі бас басқарма да жабылды. Иә, Құдай халқы әлі де Ұлы Бабылдың тұтқындығында еді!

Бірақ 1919 жылы жағдай қас қағымда өзгеріп шыға келді! Осы жылдың басында Рутерфорд бауырлас пен оның серіктері түрмеден босатылды. Сосын олар еш кідірместен іске кірісті. Қысқа уақыттың ішінде конгресс ұйымдастырылды. Сол айтулы конгресте “Алтын ғасыр” (қазір “Ояныңдар!”) журналы жарық көрді. Бұл журнал уағыз науқандарында қолдануға арналған құрал болмақ еді. Бұған қоса, әр қауымда уағыз ісін ұйымдастырып, оны алға жылжытатын бақылаушы тағайындалды. Осы істі ұйымдастыруға үлкен қолғабыс болатын “Бюллетень” атты басылым да (қазір “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері) дәл осы 1919 жылы жарық көрді.

Бұның бәрі нені білдірді? Иә, Мәсіх өз халқын Ұлы Бабылдың тұтқындығынан босатты! Дәл осы жылы Иса “адал да ақылды құлды” тағайындады, егін жинау жұмысына бастама берді. Осы жылдан бері уағыз ісі зор қарқынмен алға жылжып келеді. Расында да, 1919 жыл — елеулі жыл!

9-тарау, 25, 26-абзац

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу