91-ӘН
Жұмыла атқарған еңбегіміз
Баспа басылымы
1. Ехоба, бір өзіңе
Мадақ айтып тұрмыз, міне!
Шапағатқа бөлеп, зор құрмет
Көрсеттің бізге.
Еңбек еттік жұмыла,
Біз құрылыс алаңында.
Қолдауыңмен сенің тұр бүгін
Бұл үй алдыңда.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Саған арнап, Әке, Ехоба,
Соқтық бірге осы үйді.
Қызмет етіп барлық ынтамен, барымызбен
Мадақтайық сені мәңгі.
2. Жүздері бал-бұл жанған
Достар таптық бұл ортадан,
Бастан кешкен талай күндер-ай
Мәңгі есте қалған!
Демеу бердің, Иеміз,
Өрге басты әр ісіміз.
Даңқыңа даңқ қостық, біз мұны
Құрмет көреміз.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Саған арнап, Әке, Ехоба,
Соқтық бірге осы үйді.
Қызмет етіп барлық ынтамен, барымызбен
Мадақтайық сені мәңгі.
(Зәб. 116:1; 147:1; Рим. 15:6 қараңыз.)