39-ӘН
Құдай алдында жақсатқа ие болайық!
Баспа басылымы
1. Құдай алдында ие боп жақсатқа,
Жүрміз бағынып әділ заңдарына.
Әрбір ісімізбен шықсақ көңілінен,
Қуанар Құдай шын жүректен.
2. Зұлым дүние атаққа ұмтылған
Жетегінде жүр сый-құрметтің арзан.
Ермей жұртқа қалың, жүрейік күн сайын
Атанып досы Ехобаның.
3. Жақсы атымыз болсын мінсіз, таза,
Жазылар сонда өмір кітабына.
Ехоба Құдайды даңқтасақ ұдайы,
Бізді ол мәңгі ұмытпайды.
(Мұс. 1-ж. 11:4; Нақ. с. 22:1; Малх. 3:16; Аян 20:15 қараңыз.)