29-ӘН
Атымызға затымыз сай болсын
Баспа басылымы
1. Күш-қайраты мол Әкеміз Ехоба,
Сендей әділ патша жоқ әлемде.
Әр ісіңнен көрінер даналығың,
Шын сүйесің болсақ та біз пенде.
Шындығыңды айтып зор қуанышпен,
Халқың жүр бұл заманға ілеспей.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Куәгерің болу зор мәртебе ғой,
Атымызға затымыз сай келгей.
2. Сен тапсырған қызметті біз бірлесе
Атқарамыз айтып шаттық әнін.
Еңбектеніп қалың жұртпен бұл істе,
Ынтымақтың татамыз бал дәмін.
Есіміңмен танылып, уа, Ехоба,
Асырамыз даңқыңды бөгелмей.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Куәгерің болу зор мәртебе ғой,
Атымызға затымыз сай келгей.
(Мұс. 5-ж. 32:4; Зәб. 43:3; Дан. 2:20, 21 қараңыз.)