21-ӘН
Патшалықты бірінші орынға қояйық
Баспа басылымы
1. Құдайдың бар ой-ниетін
Патшалығы орындап,
Көңілін табар Патшасы
Иса Мәсіх жалындап.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Патшалық ісін қойып біз
Ең бірінші орынға,
Даңқтайық Құдай есімін,
Нық тұрып ақ жолында.
2. Ішер ас, киер киімді
Несіне уайымдаймыз.
Патшалық қамын ойласақ,
Түзеледі жайымыз.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Патшалық ісін қойып біз
Ең бірінші орынға,
Даңқтайық Құдай есімін,
Нық тұрып ақ жолында.
3. Патшалық жайлы хабарды
Паш етіп әділдерге,
Бұрайық бар назарларын
Құдайдың билігіне.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Патшалық ісін қойып біз
Ең бірінші орынға,
Даңқтайық Құдай есімін,
Нық тұрып ақ жолында.
(Зәб. 27:14; Мат. 6:34; 10:11, 13; Пет. 1-х. 1:21 қараңыз.)