17-ӘН
“Қалаймын”
Баспа басылымы
1. Адамның бәрін шын сүйген
Иса Мәсіх келді көктен.
Мұқтаждық көргенге уақыт бөлгенде,
Жылулық лебі сезілген.
Сап тыйып түрлі ауруды,
Қолдаған жарым жандарды.
Патшаға лайық іс атқарып ол,
“Қалаймын” деген созып қол.
2. Ал, біздер ұқсап Мәсіхке,
“Қалаймын” дейміз көп істе.
Шындыққа сусаған, өмір аңсаған
Жанды іздеп жүрміз күнде.
Жетім мен жесірді демеп,
Аянбай береміз көмек.
Дайын болып, жәрдем сұрағанға
“Қалаймын” дейік қашанда.
(Жох. 18:37; Ефес. 3:19; Філіп. 2:7 қараңыз.)