14-ӘН
Жердің жаңа Патшасын даңқтайық!
Баспа басылымы
1. Иса Мәсіх және оның
Бауырлары майланған
Қалың ұлы жамағатты
Әрбір ұлттан жинаған.
Патшалық орнады көкте,
Құдай еркі орнар жерде.
Ғажап үміт бар бәрімізде
Жұбаныш, шаттық сыйлаған.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Кел, даңқтап Құдайды, кел, мақтап Исаны,
Бас иелік тағы алдында.
Ең ұлы патша Мәсіх, мінеки,
Отыр патша тағында.
2. Енді Мәсіх Патша болды,
Шат көңілмен даңқтайық,
Тыныштық бекзадасымен
Нағыз өмір бастайық.
Келер шаттығы мол күндер,
Бар қайғыдан босайды жер.
Құшар туысын тірілгендер,
Не деген өмір ғажайып!
ҚАЙЫРМАСЫ:
Кел, даңқтап Құдайды, кел, мақтап Исаны,
Бас иелік тағы алдында.
Ең ұлы патша Мәсіх, мінеки,
Отыр патша тағында.