1-бөлімнің кіріспесі
Киелі кітаптың алғашқы беттерінде Ехобаның көк пен жердегі әсем жаратылыстары жайлы баяндалады. Құрметті ата-ана, балаңызға жаратылыстың қаншалықты әр алуан екенін көрсетіңіз. Құдайдың адам баласын жануарлардан ерекше етіп жаратқанына назар аударыңыз. Біздің сөйлеу, ойлау, ән айту, дұға ету, жасампаздық сияқты қабілеттеріміз бар. Ехобаның күші мен даналығына, сондай-ақ оның әрқайсысымызға танытатын сүйіспеншілігіне назар аударыңыз. Балаңыздың бойына Құдайдың осы қасиеттеріне деген ризашылық ұялатыңыз.