Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 103-тар., 238-б.—239-б., 2-абз.
  • “Сенің Патшалығың келсін!”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Сенің Патшалығың келсін!”
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдай жер үшін нендей нәрселерді ойластырып қойды?
    Құдай бізден нені талап етеді?
  • Құдайдың адамзатқа қатысты қалауы қандай?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Қиын өмірдің басталуы
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Құдайдың жерге қатысты ниеті қандай?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 103-тар., 238-б.—239-б., 2-абз.
Ересектер мен балалар жұмақта жүр

103-ТАРАУ

“Сенің Патшалығың келсін!”

Ехоба мынадай уәде берді: “Енді қайтып жылау, ауру мен өлім болмайды. Мен олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастаймын. Бұрынғы жаман жайттардың бәрі ұмытылады”.

Ехоба Құдай Адам ата мен Хауа ананы бейбіт әрі бақытты өмір сүрсін деп Едем бағына қоныстандырған болатын. Олар көктегі Әкелеріне ғибадат етіп, жер бетін балаларымен толтыру керек еді. Өкінішке қарай, Адам мен Хауа Ехобаның тілін алмады. Бірақ Құдай өзінің ой-ниетін еш өзгертпеді. Осы кітаптан көргеніміздей, оның берген әрбір уәдесі орындалады. Оның Ыбырайымға берген уәдесіне сай, Патшалығы жер бетіне тамаша баталар әкеледі.

Ересектер, балалар мен жабайы аңдар жұмақта бірге жүр

Жақында Шайтан, оның жын-перілері мен барлық жаман адамдар құрып жоқ болады. Ал аман қалғандардың бәрі Ехобаға ғибадат етеді. Біз ешқашан ауырмаймыз, өлмейміз. Қайта, күнде таңертең оянғанда, күш-жігеріміз тасып, өмір сүріп жатқанымызға қуанатын боламыз. Бүкіл жер беті жұмаққа айналады. Әркімнің дәмді тамағы, қауіпсіз үйі болады. Қатыгез, зұлым адамдар болмайды, тек мейірімді жандар болады. Жабайы аңдар бізден, ал біз олардан қорықпаймыз.

Ехоба адамдарды қайта тірілте бастағанда, нағыз қызық сонда болмақ. Біз Әбіл, Нұх, Ыбырайым, Сара, Мұса, Рут, Естер, Дәуіт сияқты ежелде өмір сүрген адамдарды қарсы аламыз. Олар да бізбен бірге Жер шарын жұмаққа айналдырады. Сол кезде шұғылданатын небір қызықты жұмыстар көп болады.

Ехоба сенің жұмақта болғаныңды қалайды. Сол кезде Ехоба туралы қазіргіден де көп нәрсе білесің. Олай болса, Ехобаға күн сайын, қазір де, болашақта да жақындай бер!

“Құдайымыз Ехоба, сен даңққа, құрмет пен күш-құдіретке ие болуға лайықсың! Өйткені бәрін жаратқан — өзіңсің, бәрі де сенің еркіңмен бар болды әрі жаратылды” (Аян 4:11).

Сұрақтар: Құдай Патшалығы жер бетіндегі өмірді қалай өзгертеді? Осы кітаптан оқыған кейіпкерлердің қайсысымен жұмақта кездескің келеді?

Аян 21:3, 4; Әйүп 33:25; Нақыл сөздер 2:21, 22; Ишая 11:2—10; 33:24; 65:21; Матай 6:9, 10; Жохан 5:28, 29; 17:3

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу