Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 101-тар., 234-б.—235-б., 4-абз.
  • Пауыл Римге жіберілді

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Пауыл Римге жіберілді
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Қорықпаңыз, Ехоба сіздің көмекшіңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
  • ”Ешбір жан өлмейді”
    “Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
  • “Түбегейлі куәлік береміз”
    “Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
  • ”Императордың сотын талап етемін!”
    “Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 101-тар., 234-б.—235-б., 4-абз.
Пауыл мен басқа адамдар Мальтаның жағалауына өздері я тақтайға жармасып жүзіп келеді

101-ТАРАУ

Пауыл Римге жіберілді

Пауылдың үшінші уағыз сапары Иерусалим қаласында аяқталды. Сол жерде ол тұтқындалып, түрмеге жабылды. Бір күні түнде Иса оған аян беріп былай деді: “Сен Римге барып, сол жерде уағыздайсың”. Содан Пауыл Иерусалимнен Кесарияға жіберілді. Кесарияда ол екі жыл түрмеде отырды. Пауыл сотта Фест деген әміршінің алдында тұрғанда: “Мені Римдегі император соттасын”,— деді. Сонда Фест: “Императорға барғың келсе, соған барасың”,— деп жауап берді. Сөйтіп, Пауылды Римге жүзіп бара жатқан кемеге отырғызып жіберді. Қасында Лұқа мен Арыстарқ деген бауырластар болды.

Ашық теңізде жүзіп келе жатқанда, қатты дауыл басталды. Ол көп күн бойы тоқтамады. Кемедегілердің бәрі өлетін болдық деп ойлады. Сонда Пауыл былай деді: “Ер-азаматтар, мен түсімде періште көрдім. Ол маған: — Қорықпа, Пауыл. Сен де, қасыңдағы адамдар да Римге аман-есен жетесіңдер,— деді. Сондықтан қорықпаңыздар. Біз өлмейміз”.

Дауыл 14 күнге созылды. Ақыры, құрлық көрінді. Ол Мальта аралы еді. Бір уақытта кеме жерге тіреліп, толқындар болса оны қирата бастады. Бірақ кемедегі 276 адамның бәрі аралға аман-есен жетті. Кейбірі өздері жүзіп барса, кейбірі қираған кеменің тақтайларына жармасып жүзіп барды. Мальта аралының тұрғындары оларға көмектесіп, жылыну үшін от жағып берді.

Үш айдан кейін сарбаздар Пауылды басқа кемеге отырғызып, Римге алып кетті. Римге жеткен соң, бауырластар Пауылды қарсы алды. Оларды көргенде, Пауыл Ехобаға рақметін айтып, жігерленіп қалды. Ол тұтқын болғанмен, оған жалданған үйде тұруға рұқсат берілді. Оны бір сарбаз күзетті. Бұл үйде ол екі жыл тұрды. Адамдар оны көру үшін сол үйге баратын. Сонда Пауыл оларға Құдай Патшалығы жайлы уағыздап, Иса туралы үйретті. Сол жерде отырғанда ол Кіші Азия мен Яһудеядағы қауымдарға хат жазды. Осылай Ехоба елші Пауыл арқылы ізгі хабарды көптеген халыққа жеткізді.

“Барлық жағынан өзімізді Құдайдың қызметшісі ретінде танытамыз. Мұны көп жағдайларда табанды болу, қасірет шегу, мұқтаждықта болу, қиындық көрумен көрсетеміз” (Қорынттықтарға 2-хат 6:4).

Сұрақтар: Неге Фест Пауылды Римге жіберді? Римге бара жатқанда Пауылмен не болды?

Елшілердің істері 21:30; 23:11; 25:8—12; 27:1—28:31; Римдіктерге 15:25, 26

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу