Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 92-тар., 214-б.—215-б., 4-абз.
  • Иса балықшыларға көрінді

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Иса балықшыларға көрінді
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Ғалилея теңізінің жағасында
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Ғалилея теңізінің жағалауында
    Тарихтағы ең ұлы адам
  • Ол бойындағы қорқынышпен және күмәнмен күресті
    Сенімін серік еткендер
  • Төрт шәкірті адам аулайтын болады
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 92-тар., 214-б.—215-б., 4-абз.
Балық отқа пісіп жатқанда Иса шәкірттерімен сөйлесіп отыр

92-ТАРАУ

Иса балықшыларға көрінді

Иса елшілеріне көрінгеннен кейін көп ұзамай Петір балық аулау үшін Ғалилея теңізіне кетті. Оған Тома, Жақып, Жохан және басқа да шәкірттер еріп барды. Олар түні бойы балық аулады, бірақ ештеңе ұстай алмады.

Таң ата бергенде шәкірттер жағада бір адамның тұрғанын көрді. Ол кісі шәкірттерден: “Бірдеңе ұстай алдыңдар ма?”— деп сұрады. Олар: “Жоқ!”— деп жауап берді. Сонда ол: “Ауды қайықтың оң жағына тастаңдар”,— деді. Шәкірттер солай еткенде, ауға балықтың көп түскені сонша — оны тартып шығара алмады. Сол кезде Жохан әлгі адамның Иса екенін танып қойып: “Бұл Иеміз ғой!”— деді. Мұны естігенде Петір дереу суға секіріп, жағаға қарай жүзіп кетті. Ал басқа шәкірттер оның артынан қайықпен ілесті.

Олар жағаға жеткенде, нан мен отқа пісіп жатқан балықты көрді. Иса пісіру үшін шәкірттерден тағы бірнеше балық әкелулерін сұрады. Сосын оларға: “Келіңдер, таңғы астарыңды жеп алыңдар”,— деді.

Петір жағадағы Исаға жақындап келе жатыр. Ал қайықтағы шәкірттер оған ілесіп келеді

Бәрі тамақтанып болған соң, Иса Петірден: “Сен мені балық аулаудан да қатты жақсы көресің бе?”— деп сұрады. Петір оған: “Иә, Ием. Сізді жақсы көретінімді білесіз ғой”,— деді. Сонда Иса мынаны айтты: “Онда қозыларыма тамағын бер”. Сосын ол қайтадан: “Петір, мені жақсы көресің бе?”— деп сұрады. Сонда ол: “Ием, жақсы көретінімді білесіз ғой”,— деді. Иса оған: “Қозыларымды бақ”,— деді. Ол үшінші рет тағы сол сұрақты қойды. Бұған Петірдің қатты көңілі түсті. Ол: “Ием, сіз бәрін білесіз, сізді жақсы көретінімді де білесіз”,— деді. Иса Петірге: “Қозыларыма тамағын бер”,— деді. Сосын оған: “Әрі қарай да соңымнан ере бер”,— деп айтты.

“Иса оларға: “Соңымнан еріңдер, мен сендерді адам аулаушы етемін”,— деді. Олар ауларын тастай сала, оның соңынан ерді” (Матай 4:19, 20).

Сұрақтар: Иса балықшылар үшін қандай керемет жасады? Қалай ойлайсың, неге Иса Петірден “Мені жақсы көресің бе?” деп үш рет сұрады?

Жохан 21:1—19, 25; Елшілердің істері 1:1—3

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу