Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 88-тар., 206-б.
  • Иса тұтқындалды

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Иса тұтқындалды
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Мәсіхке опасыздық жасалды және ол тұтқындалды
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Сатқындық және тұтқындалу
    Тарихтағы ең ұлы адам
  • Иса бақта
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Қорқынышты жеңуге не көмектеседі?
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 88-тар., 206-б.
Яһуда Гетсимани бағында Исаға опасыздық жасап жатыр

88-ТАРАУ

Иса тұтқындалды

Иса елшілерімен Қидрон аңғары арқылы Зәйтүн тауына қарай барды. Бұл түннің бір уағы еді. Аспанда толған ай дөп-дөңгелек болып тұрды. Гетсимани бағына жеткен кезде, Иса елшілеріне: “Ұйықтамай, осында отыра тұрыңдар”,— деді. Өзі болса сәл әрірек барып, тізерлеп отыра кетті. Қатты қайғырған ол: “Әке, сенің еркің болсын”,— деп Ехобаға дұға етті. Сонда Ехоба Исаны нығайту үшін өзінің періштесін жіберді. Иса елшілеріне қайтып келгенде, олардың ұйықтап жатқанын көріп: “Тұрыңдар! Қазір ұйықтайтын уақыт емес. Мен қазір жауларымның қолына ұстап берілемін”,— деді.

Яһуда бір қалта ақша алып жатыр

Көп ұзамай Яһуда Исқариот келді. Қасында қолдарына қылыш пен сойыл ұстаған бір топ сарбаз болды. Яһуда Исаны қайдан табуға болатынын білетін. Өйткені Иса шәкірттерімен бұл баққа жиі келіп тұратын. Яһуда сақшыларға кімнің Иса екенін көрсету үшін бір белгі беретінін айтқан. Сондықтан ол Исаға жақындап келіп: “Сәлеметсіз бе, Ұстаз!”— деді де, бетінен сүйді. Иса оған: “Яһуда, бетімнен сүйіп, маған сатқындық жасап жатырсың ба?”— деді.

Иса алға шығып, сарбаздардан: “Кімді іздеп жүрсіңдер?”— деп сұрады. Олар: “Назареттік Исаны”,— деп жауап берді. Иса: “Ол — менмін”,— дегенде, сарбаздар артқа шегініп, құлап түсті. Иса олардан тағы да: “Кімді іздеп жүрсіңдер?”— деп сұрады. Олар қайтадан: “Назареттік Исаны”,— деп жауап берді. Сонда Иса былай деді: “Мен солмын деп айттым ғой. Ал мыналарға тимеңдер, кете берсін”,— деді.

Петір не болып жатқанын түсінгенде, қылышын суырып алып, бас діни қызметкердің құлы Мәлік деген кісінің құлағын шауып түсірді. Бірақ Иса бұл кісінің құлағына қолын тигізіп, сауықтырып жіберді. Ол Петірге былай деді: “Қылышыңды орнына сал. Қылышпен соғыссаң, қылыштан өлесің”. Сақшылар Исаны ұстап алып, қолын байлап тастады. Ал елшілер болса қашып кетті. Сарбаздар Исаны жоғарғы діни қызметкер Аннасқа апарды. Ол Исаға сұрақтар қойып, кейін оны бас діни қызметкер Қаяпаның үйіне жіберді. Ал елшілермен не болды?

“Осы дүниеде қиыншылық көресіңдер, бірақ батыл болыңдар! Мен осы дүниені жеңіп шықтым!” (Жохан 16:33).

Сұрақтар: Гетсимани бағында қандай жағдай болды? Исаның сол түнгі әрекеттерінен не нәрсеге үйренеміз?

Матай 26:36—57; Марқа 14:32—50; Лұқа 22:39—54; Жохан 18:1—14, 19—24

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу