Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 65-тар., 154-б.—155-б., 1-абз.
  • Естер өз халқын құтқарып қалды

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Естер өз халқын құтқарып қалды
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Мардохай мен Естер
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Өжеттік пен даналықты бойына тоғыстырған жанқияр әйел
    Сенімін серік еткендер
  • Естер кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ол өзі үшін өлімнің, халқы үшін өмірдің жолымен жүрді
    Сенімін серік еткендер
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 65-тар., 154-б.—155-б., 1-абз.
Естер патшайым Ахашверош патшаның мықтап күзетілген сарайына кіріп келе жатыр

65-ТАРАУ

Естер өз халқын құтқарып қалды

Естер патшайым

Естер деген яһуди қыз Персия елінің Сузы қаласында тұратын. Осыдан бірталай жыл бұрын Навуходоносор патша оның ата-бабасын тұтқынға алып кеткен. Естерді немере ағасы Мардохай тәрбиелеп өсірді. Ол Персия патшасы Ахашвероштың қызметшісі болатын.

Бірде Ахашверош патша жаңа патшайым таңдамақшы болды. Қызметшілері бүкіл елдегі ең сұлу қыздарды патшаға алып келді. Олардың арасында Естер де бар еді. Бүкіл қыздардың ішінен патша Естерді таңдап, патшайым етті. Мардохай Естерге өзінің яһуди екенін ешкімге айтпауды өтінді.

Бүкіл әміршілердің басшысы Хаман деген кісі өте өркөкірек болатын. Ол барлық адамдар өзінің алдында жығылып, бас игенін қалады. Бірақ Мардохай оған бас имей қойды. Бұған Хаман қатты ашуланып, оны өлтіргісі келді. Мардохайдың яһуди екенін білгенде, ол елдегі күллі яһудидің көзін құртуды ойластырды. Хаман патшаға келіп былай деді: “Яһудилер өте қауіпті адамдар. Ол халықты жою керек”. Сонда патша: “Қалағаныңды істе”,— деп, оған заң қабылдауға рұқсат берді. Содан Хаман заң шығарып, сол елдің халқына адар айының 13 күні барлық яһудилерді өлтіруді бұйырды. Ехоба бұның бәрін көріп тұрған еді.

Естер бұл жаңа заң туралы ештеңе білген жоқ. Мардохай оған заңның бір көшірмесін жіберіп: “Барып, патшамен сөйлес”,— деді. Естер оған былай деп жауап берді: “Егер біреу патшаның алдына шақырусыз барса, ол адам өледі. Ал патшаның мені шақырмағанына 30 күн болды. Бірақ мен барып көрейін. Патша маған қарай асатаяғын созса, тірі қаламын. Созбаса, өлемін”.

Сөйтіп, Естер Ахашверош патшаның сарайына барды. Патша оны көргенде, оған қарай өзінің асатаяғын созды. Естер патшаға жақындап келді. Ахашверош одан: “Қандай өтінішпен келдің, Естер?”— деп сұрады. Естер оған былай деді: “Мен сізді және Хаманды қонаққа шақырайын деп едім”. Патша мен Хаман қонаққа келгенде, Естер олардан келесі күні де келулерін өтінді. Ертеңіне патша қонаққа келіп, Естерден тағы да: “Қандай тілегің бар?”— деп сұрады. Естер оған былай деп жауап берді: “Бір адам мені және менің халқымды өлтірмекші. Бізді құтқара көріңіз”. Сонда патша: “Кім ол сені өлтірейін деп жүрген?”— деп сұрады. “Мына зұлым Хаман”,— деді Естер. Ахашвероштың ашуланғаны сонша — ол бірден Хаманды өлтіруді бұйырды.

Бірақ Хаманның шығарған заңын ешкім өзгерте алмайтын, тіпті патша да. Содан патша Мардохайды әміршілердің басшысы етіп таңдап, оған жаңа заң шығаруға рұқсат берді. Мардохай яһудилердің жаулардан қорғануына болады деген заң шығарды. Адар айының 13 күні яһудилер жауларын жеңді. Содан бері олар осы жеңісті жыл сайын тойлайтын болды.

“Сендерді билеушілер мен патшалардың алдына сүйреп апарады. Сонда оларға да, басқа ұлттарға да куәлік ете аласыңдар” (Матай 10:18).

Сұрақтар: Яһудилерге қарсы қандай жоспар құрылды? Естер Ехобаға сенетінін қалай көрсетті?

Естер 2:5—20; 3:1—5:8; 7:1—8:14; 9:1—28

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу