Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 34-тар., 84-б.—85-б., 2-абз.
  • Гедеон мадияндықтарды жеңді

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Гедеон мадияндықтарды жеңді
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Гедеон мен үш жүз сарбаз
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Ақсақалдар, Гедеоннан үлгі алыңыздар
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • Ехоба — жақын Досымыз
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Осы күшіңмен бар”
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2021)
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 34-тар., 84-б.—85-б., 2-абз.
Гедеон мен сарбаздары кернейлерін тартты да, құмыраларын сындырып, ішіндегі алауын бұлғап, айғай салды

34-ТАРАУ

Гедеон мадияндықтарды жеңді

Уақыт өте исраилдіктер қайтадан Ехобаға емес, жалған құдайларға табына бастады. Соның кесірінен мадияндықтар жеті жыл бойы исраилдіктердің малдарын ұрлап, астықтарын жойып тастап жүрді. Исраилдіктер болса аман қалу үшін үңгірлер мен тауларға барып жасырынатын. Содан олар Ехобадан құтқаруын сұрап жалбарынды. Сонда Ехоба Гедеон деген жігітке періштесін жіберді. Періште оған: “Ехоба сені мықты сарбаз етуге таңдады”,— деді. Гедеон болса: “Мен кіммін сонша? Исраилді қалай құтқарамын?”— деді.

Гедеон Ехобаның өзін таңдағанына қалай көз жеткізбек еді? Ол азғана қойдың жүнін алып, жерге жайып қойды да Ехобаға: “Егер таңертең жүнге шық түсіп, ал жер құрғақ күйі қалса, Исраилді құтқару үшін мені таңдағаныңды білетін боламын”,— деді. Келесі күні таңертең жүнге шық түсіп, су болып кетті, ал жер құрғақ болды! Бірақ Гедеон Құдайдан: “Енді ертең таңертең шық жерге түсіп, ал жүн құрғақ күйінде қалсыншы”,— деп сұрады. Өтініші орындалғанда, Ехобаның өзін таңдағанына Гедеонның көзі жетті. Сонда ол мадияндықтармен шайқасу үшін әскерін жинады.

Ехоба Гедеонға: “Мен саған жеңіс сыйлаймын. Бірақ сарбаздарың тым көп болғандықтан, өз күшімізбен жеңдік деп ойлап жүрерсіңдер. Сондықтан кім қорқып тұрса, үйіне қайтсын”,— деді. Сонда 22 мың сарбаз үйлеріне қайтып кетіп, 10 мыңы ғана қалды. Бірақ Ехоба Гедеонға: “Сарбаздарың әлі де көп. Оларды судың жағасына апар. Сол жерден су ішсін. Жаудың бар-жоғын бақылап тұрып су ішкен сарбаздарды өзіңмен қалдыр”,— деді. 300 адам ғана солай істеді. Ехоба осы аз ғана сарбаздың 135 мың мадияндықты жеңетінін уәде етті.

Сол түні Ехоба Гедеонға: “Бар да, мадияндықтармен соғыс!”— деді. Гедеон сарбаздарына бір-бір керней және алау салынған үлкен құмыра берді. Сосын оларға: “Маған қарап, не істесем, соны істеңдер”,— деді. Гедеон кернейін тартты да, құмырасын сындырып, ішіндегі алауын бұлғап: “Ехоба мен Гедеонның семсері!”— деп айғайлады. 300 сарбаздың бәрі солай істеді. Сонда мадияндықтар қатты қорқып, жан-жаққа қаша жөнелді. Осындай аласапыранда олар бір-бірімен соғыса бастады. Осылайша Ехоба исраилдіктерге тағы да жауларын жеңуге көмектесті.

Мадиян сарбаздарын үрей биледі

“Адам күшінен асқан күш өзіміздікі емес, Құдайдікі екені анық” (Қорынттықтарға 2-хат 4:7).

Сұрақтар: Ехоба Гедеонды таңдағанын оған қалай дәлелдеді? Неге Гедеонның әскерінде 300 адам ғана болды?

Билер 6:1—16; 6:36—7:25; 8:28

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу