Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 20-тар., 52-б.—53-б., 3-абз.
  • Келесі алты жаза

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Келесі алты жаза
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Алғашқы үш жаза
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Мұса мен Һаронның перғауынға баруы
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Мұса Ехобаға қызмет етуді шешті
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Мысырды қатыгез патшаның билеуі
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 20-тар., 52-б.—53-б., 3-абз.
Елді шегіртке қаптады

20-ТАРАУ

Келесі алты жаза

Мұса мен Харон қайтадан перғауынға барып, Құдайдың: “Халқымды жібермесең, еліңе сона қаптатамын”,— деген хабарын айтты. Сөйтіп, байлардың да, кедейлердің де үйінде сона қаптап кетті. Бүкіл Мысырда сона қаптамаған жер қалмады. Ал исраилдіктер тұратын Гөшен жерінде бірде-бір сона болмады. Осы кезден бастап жаза тек мысырлықтарға жіберілетін болды. Сонда перғауын: “Ехоба бізді сонадан құтқарсыншы. Сонда халықты жіберемін”,— деп өтінді. Бірақ жаза тоқтағанда, ол айтқан сөзінен айнып қалды. Бұған дейінгі жазалар оған сабақ болмады.

Сол кезде Ехоба: “Перғауын халқымды жібермесе, мысырлықтардың малы ауруға ұшырап, қырылып қалады”,— деді. Келесі күні олардың малы қырыла бастады. Ал исраилдіктердің малына ештеңе болмады. Сонда да перғауынның жүрегі еш жібімеді.

Бұдан кейін Ехоба Мұсаға тағы да перғауынға барып, ауаға күл шашып жіберуді тапсырды. Күл топыраққа айналып, Мысыр елінің ауасы шаң-тозаң болып кетті. Бұдан мысырлықтар мен малдарының денесіне іріңді жаралар шықты. Бірақ перғауын бәрібір исраилдіктерді жібермей қойды.

Мысырға жіберілген 4, 5, 6-жаза: шіркей, мал ауруға ұшырады, іріңді жара

Ехоба Мұсаны қайтадан перғауынға жіберіп, мынаны айтқызды: “Халқымды әлі де жібергің келмей ме? Ертең еліңе бұршақ жаудырамын”. Ертесіне Ехоба Мысырға бұршақ пен от жаудырып, күн күркіретті. Мысырда мұндай дауыл бұрын-соңды болған емес еді. Гөшен жерінен басқа жердің бәрінде ағаштар мен егінді бұршақ ұрып кетті. Сонда перғауын: “Дауылды тоқтатсын деп, Ехобадан өтінсең, сендерді жіберемін”,— деді. Бірақ бұршақ пен жауын қоя сала, перғауын айтқан сөзінен айнып қалды.

Бұдан кейін Мұса былай деді: “Енді бұршақ ұрмаған өсімдіктің бәрін шегіртке жейді”. Сөйтіп, миллиондаған шегіртке егістік пен ағаштарда қалған өсімдіктің бәрін жеп қойды. Перғауын: “Ехобаға жалбарынып, шегірткелерден құтқаруын сұрашы”,— деп өтінді. Бірақ Ехоба жазаны тоқтатқан соң, перғауын халықты жібермеді.

Ехоба Мұсаға: “Қолыңды аспанға соз”,— деді. Сонда аспанды қара түнек басты. Үш күн бойы мысырлықтар ешкімді, ештеңені көре алмады. Исраилдіктер тұрған жерде ғана жарық болды.

Мысырға жіберілген 7, 8, 9-жаза: бұршақ, шегіртке, түнек

Сонда перғауын Мұсаға: “Өзің де, халқың да кете берсін. Бірақ малдарыңды қалдырып кетіңдер”,— деді. Мұса: “Құдайға құрбандық шалу үшін малымызды айдап әкетуіміз керек”,— деп жауап берді. Бұған перғауын қатты ашуланып: “Көзіме көрінбей кет! Алдыма тағы келер болсаң, өлтіремін”,— деп айғайлады.

“Әділ мен зұлымның, Құдайға қызмет ететін мен қызмет етпейтіннің арасындағы айырмашылықты тағы да көресіңдер” (Малахи 3:18).

Сұрақтар: Ехоба мысырлықтарға тағы қандай жаза жіберді? Олардың алдыңғы үшеуінен қандай айырмашылығы болды?

Мұсаның 2-жазбасы 8:20—10:29

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу