Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 13-тар., 36-б.—37-б., 1-абз.
  • Жақып пен Есау татуласты

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жақып пен Есау татуласты
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Бір-біріне ұқсамайтын егіздер
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Жақып мұраға ие болды
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Мұсаның 1-жазбасы. Мазмұны
    Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
  • Ехоба — “тыныштық сыйлайтын Құдай”
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 13-тар., 36-б.—37-б., 1-абз.
Жақып бас иіп тұр, ал Есау оған қарай жүгіріп келе жатыр

13-ТАРАУ

Жақып пен Есау татуласты

Ехоба Жақыпқа Ыбырайым мен Ысқақты қалай қорғаса, оны да солай қорғауды уәде етті. Жақып Харан деген жерде тұрып жатты. Ол сол жерде үйленіп, көп балалы әрі өте бай болды.

Біраз жыл өткеннен кейін Ехоба оған: “Өз еліңе қайта орал”,— деді. Сөйтіп, Жақып пен отбасы ұзақ жолға шықты. Олар жолда келе жатқанда, Жақыптың қызметшілері: “Ағаңыз Есау келе жатыр. Қасында 400 адамы бар!”— деп хабарлады. Жақып өзіне де, отбасына да жамандық жасай ма деп, ағасынан қорықты. Сондықтан Ехобаға: “Мені ағамнан сақтай көрші”,— деп дұға етті. Келесі күні ол ағасы Есауға сыйлық жасап, көп қой-ешкі, сиыр, түйе, есек жіберді.

Сол түні Жақып жалғыз қалғанда, бір періштені көрді! Періште онымен күресе кетті. Осылай олар таң атқанша күресті. Жақып жамбасын ауыртып алса да, еш берілмеді. Сонда періште оған: “Мені жібер”,— деді. Бірақ Ехобаның қорғайтынына көз жеткізу үшін Жақып: “Батаңды бермейінше, жібермеймін”,— деді.

Осыдан кейін періште оған батасын берді. Енді Жақып Есаудың оған жамандық жасамайтынына сенімді болды.

Таңертең Жақып алыстан ағасы Есау мен қасындағы 400 адамды көрді. Ол отбасының алдына түсті де, ағасының алдында жеті рет бас иді. Есау болса жүгіріп келіп, інісін құшақтай алды. Сосын екеуі де жылап, олар осылай татуласты. Сеніңше, Жақыптың не істегені Ехобаға ұнады ма?

Бұдан кейін Есау үйіне қайтты, ал Жақып сапарын жалғастырды. Жақыптың 12 ұлы болды. Олардың аттары мынадай: Рубен, Шимон, Леуі, Яһуда, Дан, Нафталим, Ғад, Ашир, Исахар, Забулон, Жүсіп, Бениямин. Жақыптың Жүсіп деген баласы арқылы Ехоба өзінің халқын аштықтан аман алып қалды. Қалай екенін білесің бе? Бұны келесі тараудан көрейік.

“Жауларыңды ұдайы жақсы көріңдер және өздеріңді қудалағандар үшін дұға ете беріңдер. Осылайша көктегі Әкелеріңнің балалары боласыңдар” (Матай 5:44, 45).

Сұрақтар: Жақып бата алу үшін не істеді? Ол ағасымен қалай татуласты?

Мұсаның 1-жазбасы 28:13—15; 31:3, 17, 18; 32:1—29; 33:1—18; 35:23—26

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу