Мазмұны
1-БӨЛІМ ЕХОБАҒА ОРАЛУ КЕРЕКТІГІНІҢ СЕБЕБІ
Киелі кітап жазылып жатқан заманда өмір сүрген Ехобаның қызметшілері тап біздікіндей қиындықтарға кезіккен. Ехоба оларды тастап кетпей, көмектескен. Өз уәдесіне сай, ол бізге де көмек қолын ұсынады. Отарын жақсы көретін қамқор Бағушымыз Ехоба жоғалған қойларын іздейді, әрі оларды қайта оралуға шақырады.
2—4 БӨЛІМДЕР ҚАЙТА ОРАЛУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАР
Құдайдың адал қызметшілері де кейде сарыуайымға салынады, сезімдері жараланады не өздерін кінәлі сезінеді. Ал мұның бәрі қызметтеріне әсер етіп жатады. Бұл бөлімдерде осындай жағдайларға тап болған қызметшілері қайтадан еңселерін көтеруі, бауырластарына қосылуы және қуаныштарын қайта жандандыруы үшін Ехобаның қалай көмектескені қарастырылады.
2-бөлім Сарыуайым. “Біз жан-жақтан қыспақталудамыз”
3-бөлім Жаралы сезім. “Ренжуге себеп болғанда”
4-бөлім Кінәлі сезіну. “Күнәмнан тазартып ағартшы”
5-БӨЛІМ ЕХОБАҒА ҚАЙТА ОРАЛУ ҮШІН ЖАСАЛАТЫН ҚАДАМДАР
Ехоба сенің қайта оралғаныңды қалайды. Бұл бөлімде осының дәлелі қарастырылады. Сондай-ақ бірнеше бауырластың Ехобаға қалай оралғанын, қауымның оларды қалай қабылдағанын және қызметке қайта құлшына атсалысуларына ақсақалдардың қалай көмектескенін білеміз.