Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • od 4—5 бет.
  • Басқарушы кеңестің хаты

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Басқарушы кеңестің хаты
  • Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз
  • Ұқсас мәлімет
  • Ер бауырластар, рухқа қызмет етіп, жауапкершілікке ұмтылыңдар!
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Жас ер бауырластар, жауапкершіліктерге ұмтылып жүрсіңдер ме?
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
  • Ізгі хабардың жариялаушылары
    Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз
  • Ехоба өз ұйымын бағыттап келеді
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
Көбірек мәлімет
Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз
od 4—5 бет.

Басқарушы кеңестің хаты

Бізбен бірге ізгі хабарды уағыздап жүрген қымбатты жариялаушылар!

Жалғыз шынайы Құдай Ехобаға бірлікте ғибадат ету неткен мәртебе десеңізші! “Құдаймен қызметтесіп” жүрген біздерге Құдай Патшалығы жайлы ізгі хабарды уағыздау мен тәлім беру сияқты өмір сақтайтын қасиетті іс сеніп тапсырылған (Қор. 1-х. 3:9; Мат. 28:19, 20). Осындай дүниежүзілік істі татулық пен бірлікте атқару үшін жақсылап ұйымдасқанымыз маңызды (Қор. 1-х. 14:40).

Бұл кітап сізге мәсіхшілер қауымы бүгінде қандай қызмет атқаратынын түсінуге көмектеседі. Қауымдағы мәртебелі міндеттеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз жайлы да сөз етіледі. Егер сіз сол міндеттеріңізді бағалап, тиянақты атқарсаңыз, сенімде берік тұратыныңыз сөзсіз (Ел. іс. 16:4, 5; Ғал. 6:5).

Сол себепті біз сізді осы кітапты мұқият оқып шығуға шақырамыз. Сосын оқып-білгеніңізді өмірде қалай қолдана алатыныңыз жайлы ойланып көріңіз. Мысалы, сіз жақын арада шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болсаңыз, шомылдыру рәсімінен өтіп, Ехоба куәгері болу үшін қандай қадамдар жасауыңыз қажет? Ал егер шомылдыру рәсімінен өтіп қойсаңыз, рухани өсіп, қызмет аясын кеңейту үшін не істей аласыз? (Тім. 1-х. 4:15). Қауымның татулығына қалай үлес қоса аласыз? (Қор. 2-х. 13:11). Бұл сұрақтардың жауабын осы кітаптан табуға болады.

Сіз шомылдыру рәсімінен өткен ер адам болсаңыз, қызмет көмекшісі я ақсақал ретінде қызмет етуге лайықты болу үшін не істей аласыз? Құдайдың ұйымына мыңдаған жаңа адам ағылып келіп жатқандықтан, жетекшілікті қолға алатын лайықты ер бауырластар ауадай қажет. Бұл кітапты оқи келе, сіз осы рухани мақсаттарға қол жеткізу үшін не істеу керектігін түсінесіз (Тім. 1-х. 3:1).

Осы кітап сізге Ехобаның ұйымы үшін көбірек еңбек етуге және оны бағалауға көмектессін деп шын жүректен дұға етеміз. Біз барлығыңызды қатты жақсы көреміз, әрі сіздер үшін дұға айтып, мәңгілік бойы көктегі Әкеміз Ехобаға ғибадат ететіндердің арасында сіздер де болса екен дейміз (Зәб. 37:10, 11; Ишая 65:21—25).

Бауырластарыңыз,

Ехоба куәгерлерінің Басқарушы кеңесі

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу