Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • jy 109-тар., 252-б.—253-б., 1-абз.
  • Иса діни қарсыластарына сөгіс айтты

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Иса діни қарсыластарына сөгіс айтты
  • Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Ұқсас мәлімет
  • Исаның қарсыластарын айыптауы
    Тарихтағы ең ұлы адам
  • “Парызшылдардың ашытқысынан сақтаныңдар!”
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Үйреніңдер өзімнен”
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Парызшылдармен қонақасында
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
Көбірек мәлімет
Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
jy 109-тар., 252-б.—253-б., 1-абз.
Иса діни қарсыластарын әшкереледі

109-ТАРАУ

Иса діни қарсыластарына сөгіс айтты

МАТАЙ 22:41—23:24 МАРҚА 12:35—40 ЛҰҚА 20:41—47

  • МӘСІХ КІМНІҢ ҰЛЫ?

  • ИСА ҚАРСЫЛАСТАРЫНЫҢ ЕКІЖҮЗДІЛІГІН ӘШКЕРЕЛЕДІ

Қарсыластары Исаның Мәсіх еместігін дәлелдей алмады. Оны римдіктердің қолына тапсыру үшін сөзден ұстамақ болған әрекеттері де сәтсіздікке ұшырады (Лұқа 20:20). Әлі де 11 нисан күні, Иса ғибадатханада. Енді ол тізгінді өз қолына алды. Өзінің кім екенін ашу үшін, оларға: “Мәсіх туралы не ойлайсыңдар, ол кімнің ұлы?”— деп сұрақ қойды (Матай 22:42). Мәсіхтің Дәуіт патшаның әулетінен шығатыны бәріне белгілі. Сондықтан олар: “Дәуіттің”,— деп жауап берді (Матай 9:27; 12:23; Жохан 7:42).

“Ендеше, неге Дәуіт киелі рухтың жетелеуімен оны Ием деп атайды? Ол: — Ехоба менің Иеме былай деді: “Жауларыңды аяғыңның астына салып бергенімше, оң жағымда отыр”,— деген ғой. Егер Дәуіт оны Ием деп атаса, қалайша ол оның ұлы болады?”— деп сұрады Иса (Матай 22:43—45).

Парызшылдарда үн жоқ. Өйткені олар Дәуіттің әулетінен біреу шығып, өздерін Рим бодандығынан босатады деп күтіп жүрген. Алайда Иса Дәуіттің Зәбүр 110:1, 2-де жазылған сөздерін келтіріп, Мәсіхтің жай адами билеуші емес екенін дәлелдеді. Ол — Дәуіттің Иесі және қолына билік берілгенше, Құдайдың оң жағында отыратын Тұлға. Исаның бұл сөзіне қарсыластары ештеңе айта алмай қалды.

Исаны шәкірттері мен басқа адамдар да тыңдап тұр. Ендігі сөзін ол соларға бұрып, дін мұғалімдері мен парызшылдардан сақтандырды. Олар Құдай Заңына үйрету үшін “Мұсаның орнына отырып алған” еді. Содан Иса тыңдаушыларына: “Олардың айтқандарының бәрін орындаңдар, бірақ істегендерін істемеңдер. Өйткені олар айтады, бірақ істемейді”,— деген нұсқау берді (Матай 23:2, 3).

Иса бұл кісілердің екіжүзділігіне дәлел келтіріп: “Тұмарларын үлкейтіп, киімдерінің шашақтарын ұзартады”,— деді. Кейбір яһудилер маңдайына не білегіне кішкентай қорапша байлап жүретін. Оның ішінде Заң үзіндісі болған. Парызшылдар өздерін Заңды орындауда құлшынысты етіп көрсету үшін, қорапшаны үлкейтіп алатын. Сондай-ақ олар “киімдерінің шашақтарын да ұзартатын”. Рас, исраилдіктер киімдерінің етегіне шашақ жасау керек болған (Мұсаның 4-жазбасы 15:38—40). Алайда парызшылдар оны әдейілеп, “жұрттың көзіне түсу үшін” ұзартатын (Матай 23:5).

Жұрттың алдында беделді болуды Исаның шәкірттері де қалап кетуі мүмкін еді. Сондықтан Иса оларға кеңес беріп: “Сендер өздеріңді “Ұстаз” деп ататпаңдар, себебі Ұстаздарың біреу-ақ, ал сендер өзара бауырлассыңдар. Сонымен қатар жер бетіндегі ешкімді “Әке” деп атамаңдар, себебі Әкелерің біреу-ақ. Ол — көктегі Әкелерің. Өздеріңді “Көсем” деп те ататпаңдар, өйткені Көсемдерің біреу-ақ. Ол — Мәсіх”,— деді. Олай болса, шәкірттер өздерін қалай ұстаулары керек? “Араларыңдағы ең ұлыларың сендерге қызметші болсын. Өзін жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен тұтқан әркім жоғарылатылады”,— деді Иса (Матай 23:8—12).

Бұдан кейін Иса екіжүзді дін мұғалімдері мен парызшылдарға былай деп қатаң сөгіс айтты: “Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екіжүзділер, сендер қасіретке қаласыңдар! Өйткені жұрт үшін Көк Патшалығының есігін құлыптап қойып, өздерің де кірмейсіңдер, кіргісі келетіндерді де кіргізбейсіңдер” (Матай 23:13).

Иса парызшылдарды Ехобаның көзінде құнды болған жайттарды елемей, қисынсыз ережелер орнатып алғаны үшін айыптады. Мысалы олар: “Егер біреу ғибадатханамен ант етсе, оны орындауға міндетті емес, ал ғибадатхана алтынымен ант етсе, оны орындауға міндетті”,— дейтін. Осылайша Ехобаға ғибадат ету орнының маңызды рөліне емес, ондағы алтынға көбірек мән беруімен өздерінің рухани соқыр екенін көрсетті. Олар “Мұса Заңындағы әділдік, мейірімділік және адалдық сияқты анағұрлым маңызды нәрселерді елемей” қойды (Матай 23:16, 23; Лұқа 11:42).

Иса парызшылдарды “масаны сүзіп тастап, түйені түгімен жұтатын соқыр жетекшілер” деп атады (Матай 23:24). Олар діни тұрғыдан арам болып есептелетін масаны шараптан сүзіп алып тастайтын. Сөйте тұра масадан әлдеқайда үлкен әрі арам болып есептелген түйені жұтқан сияқты, Заңның өте маңызды талаптарына немқұрайды қарайтын (Мұсаның 3-жазбасы 11:4, 21—24).

  • Иса парызшылдарға Дәуіттің сөзін келтіріп сұрақ қойғанда, олар неге үндемей қалды?

  • Неге парызшылдар қорапшаларын үлкейтіп, шашақтарын ұзартып алатын?

  • Иса шәкірттеріне қандай кеңес берді?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу