Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • jy 64-тар., 152-б.—153-б., 2-абз.
  • Кешірімді болу қажет

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Кешірімді болу қажет
  • Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Ұқсас мәлімет
  • Кешірімді болудың үлгісі
    Тарихтағы ең ұлы адам
  • Кешірімді болуымыз керек
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
  • “Адал да ақылды құл кім?”
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Олар Тоқтының соңынан еріп жүреді
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
jy 64-тар., 152-б.—153-б., 2-абз.
Қызметші басқа қызметшіні алқымынан алып, қылғындыра бастады

64-ТАРАУ

Кешірімді болу қажет

МАТАЙ 18:21—35

  • ЖЕТІ РЕТ КЕШІРУ КЕРЕК ПЕ?

  • РАҚЫМСЫЗ ҚҰЛДЫҢ МЫСАЛЫ

Петір бауырластардың арасында туындаған мәселелерді бетпе-бет отырып шешу керектігін Исадан естіген болатын. Ал енді, ол күнә жасаған адамды қанша рет кешіру керектігін білгісі келгенге ұқсайды.

Петір: “Ием, бауырласым маған қарсы күнә жасай берсе, оны қанша рет кешіруім керек? Жеті ретке дейін бе?”— деп сұрады. Кейбір дінбасылар үш ретке дейін кешіру керек деп үйрететін. Сондықтан Петір “жеті ретке дейін” кешіру зор рақымдылықтың белгісі деп ойласа керек (Матай 18:21).

Алайда адамның қателігін санаудың өзі Исаның тәліміне қайшы келеді. Сондықтан ол Петірді түзетіп: “Саған айтамын, жеті емес, жетпіс жеті ретке дейін”,— деді (Матай 18:22). Басқа сөзбен айтқанда, шексіз кешіру керек. Петір бауырласын кешіруде шек қойып, санамауы керек.

Патша қызметшісінің қарызын кешірді

Сосын Иса Петірге және басқа шәкірттерге кешірімді болуға міндетті екендерін ұмытылмастай етіп үйретпек болды. Бұл үшін ол рақымды патшаға еліктемеген құл жайлы мысал айтты. Патша құлдарынан есеп алмақ болады. Сонда оның алдына 10 000 талант [60 000 000 динар] қарызы бар бір құлды әкеледі. Қарызын өтейтін ештеңесі болмағандықтан, патша оның өзін, әйелін және бала-шағасын сатып, ақшасын қайтармақ болады. Сонда құл патшаның алдына жығылып: “Маған мұрсат бере көріңіз! Мен бәрін де төлеймін!”— деп жалынады (Матай 18:26).

Қызметші қарызын бермеген кісіні түрмеге жапты

Патшаның құлға жаны ашып, рақымдылықпен оның үлкен қарызын кешіреді. Бірақ құл сыртқа шыққан соң, өзіне 100 динар қарыз болған басқа бір құлды тауып алады. “Маған қарызыңды түгел қайтар!”— деп, оны алқымынан алып, қылғындыра бастайды. Сонда әлгі құл аяғына жығылып: “Маған мұрсат бере көр, қарызымды қайтарамын!”— деп жалынады (Матай 18:28, 29). Алайда қарызы кешірілген құл патшаға еліктемейді. Ол өзі сияқты басқа құлдың шамалы ғана қарызын кешірмей, ақшаны түгел қайтармайынша, оны түрмеге жапқызады.

Патша зұлым қызметшісін түрмеге жапты

Рақымсыз құлдың ісін көрген басқа құлдар бұл жағдайды патшаға айтып барады. Патша оған қатты ашуланып: “Әй, зұлым құл! Сен жалынғанда, мен бар қарызыңды кешірдім ғой! Олай болса, менің саған рақым танытқанымдай, сен де оған рақым танытуың керек емес пе еді”,— дейді. Содан патша оны түрмешілердің қолына беріп, қарызын түгел қайтармайынша қаматып қояды. “Тап солай, егер әрқайсысың өз бауырласыңды шын жүректен кешірмесеңдер, көктегі Әкем де сендерге солай етпек”,— деп, Иса сөзін аяқтады (Матай 18:32—35).

Бұл кешірудің маңызды екенін көрсететін керемет мысал емес пе?! Құдай біздің үлкен қарызға тең күнәларымызды кешірді. Мұның жанында мәсіхші бауырласымыздың бізге қарсы жасаған кез келген күнәсі болмашы ғана. Оның үстіне, Ехоба бізді бір рет емес, мыңдаған рет кешіріп отыр. Онда ренжуге себеп болса да, біз бауырласымызды кешіруге міндетті емеспіз бе? Иса Таудағы уағызында үйреткендей, “бізге қарсы күнә жасағандарды кешірсек, Құдай да біздің күнәларымызды кешіреді” (Матай 6:12).

  • Петірді бауырласын кешіру жайлы сұрауға не талпындырды және неге ол “жеті ретке дейін бе” деп сұрады?

  • Кешірім сұраған құлына патша қалай жауап берді, бірақ бұл құл кейін не істеді?

  • Исаның мысалынан біз қандай сабақ аламыз?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу