Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • jy 37-тар., 94-б.—95-б., 1-абз.
  • Иса жесір әйелдің ұлын тірілтті

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Иса жесір әйелдің ұлын тірілтті
  • Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Ұқсас мәлімет
  • Тарихтағы ең ұлы адам
    Тарихтағы ең ұлы адам
  • Адамдар өлім ұйқысынан оянады!
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
  • Қайта тірілу — өлгендер үшін керемет болашақ
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Иса жасаған кереметтердің қандай өнегелік мәні бар?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
Көбірек мәлімет
Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
jy 37-тар., 94-б.—95-б., 1-абз.
Иса мен елшілері жесірдің ұлын жерлеушілерге кезікті

37-ТАРАУ

Иса жесір әйелдің ұлын тірілтті

ЛҰҚА 7:11—17

  • НАИН ҚАЛАСЫНДА ӨЛГЕН ЖІГІТТІ ТІРІЛТТІ

Иса жүзбасының қызметшісін сауықтырғаннан кейін, Қапарнаумнан шығып, оңтүстік-батысқа қарай 32 шақырымнан аса жерде орналасқан Наин қаласына бет алды. Ол жалғыз емес, шәкірттері мен қалың жұрт еріп келеді. Кешкі уақыт болса керек, олар қалаға жақындап қалды. Алдарынан мәйіт көтерген бірталай адам көрінді. Олар қайтыс болған жас жігітті жерлеу үшін, қаладан шығып келе жатыр еді.

Бәрінен де қатты қайғырып, жүрегі қан жылап келе жатқан — жас жігіттің анасы. Жалғыз ұлынан айырылған жесір әйел күйеуі қайтыс болғанда, ұлын көңіліне медет тұтқан еді. Оны жанындай жақсы көріп, келешекке деген бар үмітін соған артқан болатын. Бұдан да көз жазып қалды. Енді көрер күні не болмақ?

Әйелдің қасіреті Исаның жанына қатты батты. Сондықтан ол жұмсақ, бірақ сенімді дауыспен: “Жыламаңыз”,— деп жұбатты. Сосын мәйіт көтергендердің қасына барып, зембілге қолын тигізді (Лұқа 7:13, 14). Исаның сыңайын байқаған қаралы жұрт жүрісін тоқтатты. Көбісі “Ол не істегелі жатыр?” деп ойлаған болса керек.

Иса жас жігітті тірілтіп, анасына табыстады; жұрт қайран қалып тұр

Исаға еріп келе жатқандар ше? Олар Исаның түрлі науқастарды сауықтырып, зор кереметтер жасағанын көрген. Бірақ оның өлген адамды тірілткенін көрмеген болу керек. Ежелде адамды қайта тірілткен жағдайлар болған. Алайда Иса мұны жасай алар ма екен? (Патшалар 1-жазба 17:17—23; Патшалар 2-жазба 4:32—37). Иса: “Балам, саған айтамын, түрегел!”— деп бұйырды (Лұқа 7:14). Сонда жігіт түрегеліп отырды да, сөйлей бастады. Қандай керемет! Сосын өз көзіне өзі сенбей, сөйтсе де қуаныштан жүрегі жарыла жаздап тұрған анаға Иса баласын табыстады. Енді жесір ана жалғыз емес.

Жас жігіттің өмірге оралғанын көрген кейбір адамдар: “Арамыздан ұлы пайғамбар шықты!”— деп, Өмір беруші Ехобаны мадақтады. Исаның бұл кереметінің мәнін түсінген басқалар: “Құдай өз халқына назарын салды!”— деді (Лұқа 7:16). Бұл таңғажайып оқиға туралы хабар төңіректегі қалаларға тез тарады. Он шақты шақырым жердегі Исаның өскен қаласы Назареттің, тіпті солтүстіктегі Яһудеяның жұртына да мәлім болды.

Шомылдыру рәсімін жасаушы Жақия әлі түрмеде отыр. Ол Исаның қандай істер жасап жүргені жайлы білгісі келеді. Содан шәкірттері оған осы кереметтерді айтып барды. Ол мұны қалай қабылдады?

  • Иса Наин қаласына жақындағанда кімдерді көрді?

  • Адамның қайғысын көргенде, Иса не сезінді және не істеді?

  • Иса жасаған құдіретті іс адамдарға қалай әсер етті?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу