Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • jy 31-тар., 76-б.—77-б., 2-абз.
  • Демалыс күні масақ үзді

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Демалыс күні масақ үзді
  • Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Ұқсас мәлімет
  • Діни демалыс күні масақ үзу
    Тарихтағы ең ұлы адам
  • Демалыс күні не істеуге болады?
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Еңбек ететін және демалатын уақыт бар
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
jy 31-тар., 76-б.—77-б., 2-абз.
Демалыс күні Исаның шәкірттері масақ үзіп жеді

31-ТАРАУ

Демалыс күні масақ үзді

МАТАЙ 12:1—8 МАРҚА 2:23—28 ЛҰҚА 6:1—5

  • ШӘКІРТТЕР ДЕМАЛЫС КҮНІ МАСАҚ ҮЗДІ

  • ИСА — “ДЕМАЛЫС КҮНІНІҢ ИЕСІ”

Иса мен шәкірттері солтүстіктегі Ғалилеяға бара жатыр. Көктем мезгілі. Егіндіктегі масаққа дән бітіп қалған кез. Қарны ашып келе жатқан шәкірттер масақ үзіп жей бастады. Демалыс күні болғандықтан, бұл парызшылдардың назарынан тыс қалмады.

Жақында ғана Иерусалимде кейбір яһудилер Демалыс күніне қиянат жасады деген айыппен Исаны өлтірмек болғаны есіңізде шығар. Ал, енді, парызшылдар шәкірттерінің әрекетін алға тартып, Исаны айыптап отыр. Олар: “Қарашы, шәкірттерің Демалыс күні істеуге болмайтынды істеп жатыр”,— деді (Матай 12:2).

Парызшылдар масақты үзіп, оны үгітіп жеу — егін орып, астық бастырумен тең еңбек деп есептеді (Мұсаның 2-жазбасы 34:21). Демалыс күніне қатысты шектен шыққан мұндай түсінік адамдар үшін ауыртпалық болды. Ал о баста бұл күн қуаныш әкеліп, рухани нығайту үшін орнатылған еді. Ехоба Құдайға Демалыс күнінің заңы осылай бұрмаланғаны ұнамайды. Сондықтан Иса екі мысал келтіріп, парызшылдардың бұрыс көзқарасын әшкереледі.

Исаның бірінші мысалы — Дәуіт пен оның адамдарымен болған жағдай. Қарны ашып келе жатқан олар ғибадатханаға тоқтағанда, Құдайға тарту ретінде ұсынылған нанды жеген болатын. Бұл нандарды Ехобаның алдынан алып, жаңа піскен нанмен алмастырған. Оларды діни қызметкерлер жеу үшін сақтап қоятын. Алайда сол ерекше жағдайда Дәуіт пен оның адамдары ескі нанды жегендері үшін айыпталмаған (Мұсаның 3-жазбасы 24:5—9; Самуилдің 1-жазбасы 21:1—6).

Иса екінші мысалды келтіріп: “Ғибадатханадағы діни қызметкерлердің Демалыс күні жұмыс істеп, сөйтсе де осы үшін айыпты болмайтыны жөнінде Мұса Заңынан оқымап па едіңдер?”— деді. Осылайша ол діни қызметкердің тіпті Демалыс күні құрбандыққа әкелінген малдарды соятынына және ғибадатханадағы басқа да жұмыстарды атқаратынына назар аударды. Сосын: “Бірақ сендерге мынаны айтамын: бұл жерде ғибадатханадан да маңызды біреу бар”,— деді (Матай 12:5, 6; Мұсаның 4-жазбасы 28:9).

Иса тағы да Жазбаларды қолданып, мына бір жайтты түсіндірді: “Егер сендер “мен құрбандықты емес, мейірімділікті қалаймын” деген сөздердің мәнін түсінсеңдер, кінәсіздерді айыптамас едіңдер”. Артынан сөзін қорытындылап: “Адам Ұлы — Демалыс күнінің Иесі”,— деді. Мұнымен ол мың жыл билік құратын Патшалықтың тұсында орнайтын бейбіт заманға нұсқады (Матай 12:7, 8; Ошия 6:6).

Адамзат Шайтанның езгісінен, оның дүниесіндегі зұлымдық пен соғыстардан әбден титықтап шаршады. Иса билік құратын ұлы Демалыс күні өмір мүлдем басқаша болады! Сонда қатты қажет етіп, аңсап күтіп жүрген заман орнайды. Бұл нағыз тынығатын кез болмақ!

  • Парызшылдар Исаның шәкірттерінің қандай ісіне наразы болды және неге?

  • Иса парызшылдардың бұрыс көзқарасын қалай түзетті?

  • Иса қай мағынада “Демалыс күнінің Иесі”?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу