Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • jy 23-тар., 60-б.—61-б., 5-абз.
  • Иса Қапарнаумда көп керемет жасады

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Иса Қапарнаумда көп керемет жасады
  • Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Ұқсас мәлімет
  • Қапарнаумдағы басқа кереметтер
    Тарихтағы ең ұлы адам
  • Иса және оның шәкірттері уағыз айтқан мәжілісхана
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Қызмет аясын Ғалилеяда кеңейтті
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Иса бойын жын билеген баланы сауықтырды
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
Көбірек мәлімет
Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
jy 23-тар., 60-б.—61-б., 5-абз.
Петірдің үйіне ауру-сырқау адамдар келді, Иса оларды сауықтырды

23-ТАРАУ

Иса Қапарнаумда көп керемет жасады

МАТАЙ 8:14—17 МАРҚА 1:21—34 ЛҰҚА 4:31—41

  • АДАМ БОЙЫНАН ЖЫНДЫ ҚУЫП ШЫҒАРДЫ

  • ПЕТІРДІҢ ЕНЕСІН САУЫҚТЫРДЫ

Иса төрт шәкіртін — Петір, Әндір, Жақып пен Жоханды — адам аулауға шақырған болатын. Демалыс күні болғандықтан, қазір олар Қапарнаумдағы мәжілісханаға бара жатыр. Мәжілісханада Иса адамдарға тәлім берді. Ол дін мұғалімдері сияқты емес, билігі бар адамдай тәлім бергендіктен, жұрт бұл жолы да қайран қалды.

Мәжілісханада бойын жын билеген бір кісі бар еді. Ол қатты дауыстап: “Назареттік Иса, бізде нең бар? Бізді құртуға келдің бе? Мен сенің кім екеніңді жақсы білемін: сен Құдайдың Киелісісің!”— деді. Иса адамды қинаған жынға тыйым салып: “Үніңді өшір, шық оның бойынан!”— деп бұйырды (Марқа 1:24, 25).

Сонда зұлым рух адамды қалшылдата жерге құлатып, ащы дауыспен қатты айғайлады. Кейін оның бойынан “еш зиян келтірмей” шығып кетті (Лұқа 4:35). Мәжілісханадағы жұрт аң-таң болып: “Бұл не?”— десті. Сосын: “Оның тіпті жындарға бұйыруға билігі бар екен, олар оған бағынып жатыр!”— дей бастады (Марқа 1:27). Осындай таңғажайып оқиға жайлы хабар бүкіл Ғалилеяға тарап кетті.

Иса мен оның шәкірттері мәжілісханадан кетіп, Шимон Петірдің үйіне барды. Үйде Петірдің қайын енесінің ыстығы көтеріліп, қатты ауырып жатыр екен. Олар Исадан көмек сұрады. Сонда Иса әйелдің қасына келіп, қолынан ұстап тұрғызды. Сол заматта әйел сауығып кетті. Сосын ол Иса мен оның шәкірттеріне ас әзірлей бастады.

Күн бата Петірдің үйіне жан-жақтан адамдар ауру-сырқауларын әкеле бастады. Есік алдына бүкіл қала жиналғандай. Бәрі де көмекке мұқтаж. “Жұрт әртүрлі дертке шалдыққан адамдарын әкелгенде, Иса олардың әрқайсысының үстіне қолын қойып, сауықтырды” (Лұқа 4:40). Адамдардың қандай сырқаты болмасын, Иса бәріне көмектесті. Бұлай болары пайғамбарлықта алдын ала айтылып кеткен еді (Ишая 53:4). Ол тіпті көп адамның бойынан жындарды қуып шығарды. Сонда зұлым рухтар: “Сен Құдайдың Ұлысың!”— деп айғайлады (Лұқа 4:41). Жындар Исаның Мәсіх екенін білетін. Бірақ Иса оларға сөйлеуге тыйым салды, себебі көпшілік алдында шынайы Құдайдың қызметшілері сияқты көрінгендерін қаламады.

АДАМДЫ ЖЫН БИЛЕГЕНДЕ

Жын не жындар адам бойын билегенде, оны қатты қинайды (Матай 17:14—18). Жыннан арылғанда, адамның ақыл-есі мен денсаулығы қалпына келеді. Иса Құдайдың киелі рухының көмегімен жындарды қуып шығаруға билігі бар екенін талай рет көрсеткен (Лұқа 8:39; 11:20).

  • Демалыс күні Қапарнаумдағы мәжілісханада қандай оқиға болды?

  • Мәжілісханадан кеткен соң, Иса қайда барды және не істеді?

  • Исаның ісі қала тұрғындарына қалай әсер етті?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу