Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • jy 21-тар., 56-б.—57-б., 6-абз.
  • Иса Назареттегі мәжілісханада

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Иса Назареттегі мәжілісханада
  • Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Ұқсас мәлімет
  • Өскен жеріндегі мәжілісханада
    Тарихтағы ең ұлы адам
  • Кереметтер жасаған Исаны тіпті Назаретте мойындамады
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Жайырдың үйінен шығып, Назаретке барар жолда
    Тарихтағы ең ұлы адам
  • Иса және оның шәкірттері уағыз айтқан мәжілісхана
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
jy 21-тар., 56-б.—57-б., 6-абз.
Иса мәжілісханада Ишая пайғамбардың жазбасын оқып тұр

21-ТАРАУ

Иса Назареттегі мәжілісханада

ЛҰҚА 4:16—31

  • ИШАЯ ПАЙҒАМБАРДЫҢ ШИЫРШЫҒЫНАН ҮЗІНДІ ОҚЫДЫ

  • НАЗАРЕТТІКТЕР ИСАНЫ ӨЛТІРМЕК БОЛДЫ

Назареттің халқы абыр-сабыр болып жатса керек. Бір жылдан аса уақыт бұрын, яғни Жақияның қолынан шомылдыру рәсімінен өтуге кеткенге дейін, жұрт Исаны ағаш ұстасы деп білетін. Ал қазір ол керемет істер жасап жүрген адам ретінде танымал. Сондықтан Назареттің тұрғындары сондай кереметтерді өздеріне де көрсетеді деп, Исаны тағатсыздана күтуде.

Иса әдетінше жергілікті мәжілісханаға барды. Сонда жұрт керемет көретініне одан бетер сенімді болды. “Әр Демалыс күні мәжілісханалардағы” қызмет кезінде дұға айтылатын және Мұса пайғамбардың кітаптарынан үзінді оқылатын (Елшілердің істері 15:21). Кейде басқа пайғамбарлардың да кітаптары оқылатын. Бір кезде Иса оқымақ болып орнынан тұрды. Айналасына қарап, ғибадатханаға жылдар бойы келіп тұратын көп адамды таныса керек. Қолына Ишая пайғамбардың шиыршығы берілгенде, ол Ехобаның киелі рухымен майланған Адамы жайлы айтылған жерді ашып оқыды. Бұл Ишая 61:1, 2-тармақтарда жазылған сөздер еді.

Үзіндіде уәде етілген Адам тұтқындардың бостандық алатынын, зағиптардың көздері ашылатынын және Ехобаның ықыласына ие болатын уақыт келетінін жариялайтыны жазылған. Оқып болған соң, шиыршықты қызметшіге қайтарып берді де, орнына отырды. Бәрі одан көз алмай қарап тұр. Сосын Иса біраз сөз сөйлесе керек. Сөз арасында ол: “Бүгін өздеріңіз естіген осы сөздер орындалды”,— деп маңызды жайтты айтты (Лұқа 4:21).

Жұрт Исаның “аузынан шыққан ұнамды сөздеріне” таңғалып, бір-біріне: “Мынау Жүсіптің баласы емес пе?”— десті. Бірақ Иса олардың басқа жерде жасалған кереметтерді көрсетеді деп күтіп отырғандарын байқап: “Әрине, сіздер маған “дәрігер болсаң, өзіңді емде” деген мәтелді келтіріп: — Қапарнаумда істегендерің туралы естідік. Мына туған жеріңде де соны істе!— дерсіздер”,— деді (Лұқа 4:22, 23). Жерлестері “бірінші кезекте жақсылықты өз жұртына жасап, сауықтыру ісін өскен жерінде бастау керек еді” деп ойласа керек. Сондықтан олар Исаға өкпелі.

Олардың ойын білген Иса Исраил тарихында болған бірнеше оқиғаны естеріне салды. Ілияс пайғамбардың заманында Исраилде жесір әйелдер көп болса да, Құдай пайғамбарды оларға емес, Сидондағы Сарепта қаласында тұратын исраилдік емес жесірге жіберген. Сол жерде Ілияс керемет жасап, екі адамның өмірін құтқарған (Патшалар 1-жазба 17:8—16). Ал Еліше пайғамбар Исраилде алапеспен ауырғандар көп болса да, сириялық Нағыманнан басқа ешкімді сауықтырмаған (Патшалар 2-жазба 5:1, 8—14).

Мәжілісханадағы кісілер Исаны жардан құлатып жібермекші

Осылайша Иса тарихи оқиғаларды мысал етіп, жерлестерінің өзімшілдігі мен сенімдерінің аздығын әшкереледі. Бұл оларға қалай әсер етті? Ашуға булыққан олар тұра сала Исаны қала сыртына сүйрей жөнелді. Оны Назарет қаласы соғылған таудың тік жарына әкеліп, құлатып жібермек болды. Алайда ол араларынан сытылып шығып, қашып кетті. Содан Иса Ғалилея теңізінің солтүстік-батысына ылдилап, Қапарнаум қаласына келді.

  • Назареттің тұрғындары неге абыр-сабыр болып жатты?

  • Исаның сөзін жұрт қалай қабыл алды, бірақ олар неге ашуланды?

  • Назареттің тұрғындары Исаға не істемек болды?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу