Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • jy 6-тар., 20-б.—21-б., 8-абз.
  • Уәде етілген нәресте

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Уәде етілген нәресте
  • Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Ұқсас мәлімет
  • Уәде етілген бала
    Тарихтағы ең ұлы адам
  • Ол “барлығын көңіліне түйіп алды”
    Сенімін серік еткендер
  • “Мен Ехоба Құдайдың құлымын!”
    Сенімін серік еткендер
  • Тұрмысқа шықпаған Мәриям жүкті
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
Көбірек мәлімет
Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
jy 6-тар., 20-б.—21-б., 8-абз.
Жүсіп, Мәриям және пайғамбар әйел Анна нәресте Исаны көтерген Шимонға қарап тұр

6-ТАРАУ

Уәде етілген нәресте

ЛҰҚА 2:21—39

  • ИСАНЫ СҮНДЕТТЕДІ, КЕЙІН ҒИБАДАТХАНАҒА АПАРДЫ

Жүсіп пен Мәриям Назаретке оралмай, Бетлехемде қалып қойды. Құдайдың Исраилге берген Заңына сай, олар сегіз күннен кейін Исаны сүндеттеді (Мұсаның 3-жазбасы 12:2, 3). Дәстүр бойынша, сүндеттелген күні ұл балаға есім беретін. Олар Жәбірейіл періштенің нұсқауын орындап, нәрестенің есімін Иса деп қойды.

Бір айдан аса уақыт өтті. Туылғанына 40 күн болған Исаны ата-анасы бірнеше шақырым жерде орналасқан Иерусалимдегі ғибадатханаға алып барды. Мұса Заңы бойынша, ұл босанған әйел 40 күннен кейін тазару үшін ғибадатханада құрбандық шалу керек (Мұсаның 3-жазбасы 12:4—8).

Мәриям Заңды орындап, құрбандыққа екі кішкентай құс шалды. Бұдан Жүсіп пен Мәриямның тұрмыс жағдайы қандай болғанын білеміз. Негізі, Заңда құрбандыққа жас қошқар мен құс әкелу керектігі айтылған. Бірақ әйелдің қошқар әкелуге шамасы жетпесе, екі көгершін не екі кептер де жеткілікті болған.

ТАЗАРУ КҮНІ АЯҚТАЛҒАН СОҢ.

Жүсіп пен Мәриям нәресте Исаны Ехобаға бағыштау үшін ғибадатханаға әкелді

Исраилде босанған әйел белгілі бір уақыт аралығында діни тұрғыдан таза емес болып есептелген. Тазару күндері аяқталғанда, әйел түгел өртелетін құрбандық әкелу керек еді. Бұл адамдардың бәрі кемелсіз, күнәкар өмірді мұра еткендерін еске салды. Алайда Иса кемелді әрі киелі болып туылды (Лұқа 1:35). Мәриям мен Жүсіп ғибадатханаға Исаны Ехобаға бағыштау үшін әкелді, ал өздері Мұса Заңының талабы бойынша құрбандық ұсыну үшін келді (Лұқа 2:22, 24).

Жүсіп пен Мәриям ғибадатханада тұрғанда, қастарына бір қарт кісі келді. Оның есімі — Шимон. Ехоба оған уәде етілген Мәсіхті көрмей көз жұмбайтынын айтқан болатын. Сол күні Шимон ғибадатханаға киелі рухтың жетелеуімен келді. Ол Жүсіп пен Мәриямды тауып алып, нәрестені қолына алды.

Шимон Исаны көтеріп тұрып, Құдайға былай деп мадақ айтты: “Әлемнің Әміршісі, өзің алдын ала айтқандай, баланы көріп тұрмын, енді міне, құлың тыныштықпен көз жұма алады. Себебі өз көзіммен сен жіберген құтқарушыны, барлық халықтарға көрсету үшін дайындаған құтқарушыңды, көрдім. Ол — халықтарды басқан қараңғылықты сейілтетін нұр әрі өз халқың Исраилдің даңқы” (Лұқа 2:29—32).

Жүсіп пен Мәриям бұл сөздерді естіп, қайран қалды. Шимон оларға батасын берді. Сосын “бала Исраилде кейбіреулердің құлауына, ал өзге біреулердің тұруына себепші болатынын”, ал Мәриямның жаны үлкен семсер сұғып алғандай қатты ауыратынын айтты (Лұқа 2:34).

Сол күні ғибадатханада 84 жастағы пайғамбар әйел Анна да жүр еді. Ол үнемі ғибадатханада болатын. Анна Исаны көтерген Жүсіп пен Мәриямның қасына келді. Сосын Құдайға ризашылық білдірді және сонда тұрған адамдарға Иса туралы айта бастады.

Ғибадатханада орын алған жайттар Жүсіп пен Мәриямды қатты қуантса керек. Себебі соның арқасында ұлдарының Құдай уәде еткен Адам екеніне көздері жеткені сөзсіз.

  • Исраил дәстүрінде ұл балаға қай кезде есім берген?

  • Ұл босанған әйелден 40 күннен соң не талап етілген және Мәриямның тұрмыс жағдайы қандай болған?

  • Ғибадатханада Исаны кімдер таныды және олар мұнысын қалай көрсетті?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу