Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • jy 2-тар., 12-б.—13-б., 10-абз.
  • Исаға туылмай тұрып құрмет көрсетілді

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Исаға туылмай тұрып құрмет көрсетілді
  • Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Ұқсас мәлімет
  • Ол туылмай тұрған кезде көрсетілген құрмет
    Тарихтағы ең ұлы адам
  • Жәбірейіл періште Мәриямға келді
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Періштенің Мәриямға келуі
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • “Мен Ехоба Құдайдың құлымын!”
    Сенімін серік еткендер
Көбірек мәлімет
Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
jy 2-тар., 12-б.—13-б., 10-абз.
Мәриям есекке мініп, жолға шықты; Мәриям үйге кіргенде, Елізабеттің құрсағындағы нәресте тыпырлап кетті; Мәриям Елізабетке үй шаруасына көмектесті

2-ТАРАУ

Исаға туылмай тұрып құрмет көрсетілді

ЛҰҚА 1:34—56

  • МӘРИЯМ ТУЫСЫ ЕЛІЗАБЕТКЕ КЕЛДІ

Жәбірейіл періште пәк қыз Мәриямға ұл туатынын, есімін Иса деп қоятынын және оның Патша ретінде мәңгі билік ететінін хабарлады. Сонда Мәриям: “Мен еркекпен жақындасқан емеспін ғой, бұл қалай болады?”— деп сұрады (Лұқа 1:34).

Жәбірейіл былай деп жауап берді: “Сенің үстіңе киелі рух қонып, Құдай Тағала саған құдіретінің көлеңкесін түсіреді. Сондықтан сен табатын бала киелі әрі Құдайдың Ұлы деп аталатын болады” (Лұқа 1:35).

Сосын періште Мәриямға: “Әне, бұрын бедеу деп аталған туысың Елізабет те жасы келіп қалғанымен, ұлды болады. Алты айдан бері оның аяғы ауыр. Өйткені Құдай үшін мүмкін емес нәрсе жоқ”,— деп, хабарды қабыл алуына көмектессе керек (Лұқа 1:36, 37).

Мәриям Жәбірейілдің сөзін қабыл алып: “Мен Ехоба Құдайдың құлымын! Барлығы сіз айтқандай болсын!”— деп дауыстады (Лұқа 1:38).

Жәбірейіл періште кеткен соң, Мәриям туысы Елізабетке бармақ болып, жолға дайындалды. Елізабет күйеуімен Яһудеяның таулы өңірінде, Иерусалим маңындағы бір қалада тұратын. Бұл — Назареттен үш-төрт күндік жол.

Мәриям Зәкәрияның үйіне жетіп, ішке кіре бере туысы Елізабетпен сәлемдесті. Сол кезде Елізабет киелі рухқа кенеліп, Мәриямға былай деді: “Әйелдердің арасында сен жарылқанғансың, құрсағыңдағы бала да жарылқанған! Иемнің анасы маған келетіндей мен кіммін сонша?! Сәлемің құлағыма жеткенде, ішімдегі баланың қатты қуанып, тыпырлап кеткенін қарашы” (Лұқа 1:42—44).

Сонда Мәриям шын жүректен ризашылық білдіріп, былай деді: “Жаным Ехобаны мадақтайды, Құтқарушы Құдайым деп жүрегім шаттыққа толады. Өйткені ол өз құлының қарапайым күйіне назар аударды. Бұдан былай күллі ұрпақ мені бақытты деп айтатын болады. Себебі Құдіретті Құдай мен үшін ұлы істер жасады”. Байқасақ, Мәриям өзіне қошемет көрсетілсе де, бар мадақты Құдайға арнады. Әрі қарай ол: “Оның есімі киелі. Ол өзінен қорқатындарға ұрпақтан ұрпаққа мейірімділік көрсетіп келеді”,— деді (Лұқа 1:46—50).

Киелі рухқа кенелген Мәриям пайғамбарлық сөздермен Құдайды әрі қарай мадақтап: “Өз қолымен құдіретті істер жасап, жүрегі тәкаппарларды бытыратып жіберді; билік иелерін тағынан құлатып, қарапайымдарды жоғарылатты; ашыққандарды игілікке молынан кенелтіп, ал байларды құралақан қайтарып жіберді; мәңгі бақи мейірімділік танытамын деген уәдесін ұмытпағанын көрсетіп, қызметшісі Исраилге көмекке келді. Бұл уәдені ол ата-бабаларымызға, Ыбырайым мен оның ұрпақтарына, берген еді”,— деді (Лұқа 1:51—55).

Мәриям Елізабетке үй шаруасына көмектесті

Мәриям Елізабеттің үйінде үш айдай тұрып, оған жүктілігінің соңғы апталарында жәрдемдескен болу керек. Құдайдың құдіретімен бала көтерген осы екі адал әйел өмірлеріндегі маңызды кезеңде бірге болды!

Бұл оқиғадан Исаға туылмай тұрып құрмет көрсетілгенін білдік: Елізабет оны “Ием” деп атады, құрсағындағы нәрестесі Мәриям кіріп келгенде “қатты қуанып, тыпырлап кетті”. Бірақ кейіннен адамдар Мәриям мен оның құрсағындағы нәрестеге құрмет көрсетпеді.

  • Жәбірейіл Мәриямның бала көтеретінін қалай түсіндірді?

  • Әлі туылмаған Исаға қалай құрмет көрсетілді?

  • Мәриям Елізабеттің жанында қанша уақыт болды және неге?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу