Сол жақта: Кітап таратушы бауырлас уағыздап тұр (Корея, 1931 жыл); Оң жақта: Бауырластар ым тілінде уағыздап тұр (Корея, бүгінгі күн)
2-БӨЛІМ
Патшалық туралы уағыздау. Ізгі хабарды төрткіл дүниеге жариялау
СІЗ демалыс күні таңертең қызметке жиналып жатырсыз делік. Шаршаңқырап тұрғандықтан сәл кідіресіз де, санаңызда: “Шіркін, үйде қалып демалсаң ғой!”— деген ой жылт етеді. Бірақ дұға еткен соң, қызметке баруды шешесіз. Сіз егде тартқан адал бауырласпен қызметтесіп, оның табандылығы мен мейірімділігіне тәнті боласыз. Үйме-үй уағыздап жүргендеріңізде, кенет мынаны түсінесіз: бәріміз бірдей тәлім алатындықтан, дүниежүзіндегі бауырластар да қазір тура осы хабарды айтып, тура осы әдебиеттерді таратып жүр. Қызметтен қайтқанда, күшіңіз тасып тұрғандай сезініп: “Үйде қалмағаным қандай жақсы болды!”— деп ойлайсыз.
Бүгінде Құдай Патшалығы атқарып жатқан басты іс — уағыз ісі. Иса соңғы күндері уағыз ісінің өте кең тарайтынын айтқан (Мат. 24:14). Оның пайғамбарлығы қалай орындалып жатыр? Біз бұл бөлімде жариялаушылар, сондай-ақ қызметтегі әдістер мен құралдар жөнінде әңгімелесеміз. Бұлар мәсіхшілердің қызметінде ерекше орын алады әрі дүниежүзі бойынша миллиондаған адамға Құдай Патшалығының шынайы екеніне көз жеткізуге көмектесуде.