Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • fg 9-саб. 1—5 сұр.
  • Отбасыңыз қалай бақытты бола алады?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Отбасыңыз қалай бақытты бола алады?
  • Құдайдан келген қуанышты хабар
  • Ұқсас мәлімет
  • Отбасыңыз бақытқа қалай қол жеткізе алады?
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Отбасы өмірін қалай бақытты етуге болады?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Ақ неке — Құдайдың сыйы
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
Көбірек мәлімет
Құдайдан келген қуанышты хабар
fg 9-саб. 1—5 сұр.

9-САБАҚ

Отбасыңыз қалай бақытты бола алады?

1. Отбасы бақытты болу үшін не себепті некені заңдастыру керек?

Бұл жұп некелерін заңды түрде тіркеуде

Қуанышты хабар бақытты Құдай Ехобадан келеді. Некеге бастау берген ол отбасыларының да бақытты болғанын қалайды (Тімөтеге 1-хат 1:11). Ал отбасы бақытты болу үшін заңды некеге тұру аса маңызды, өйткені бұл балалардың жылы ұяда өсіп-жетілуіне мүмкіндік береді.

Құдай некеге қалай қарайды? Ол некеге еркек пен әйелдің арасындағы өмірлік одақ ретінде қарайды. Құдайға ұнамды болғысы келетіндер некені заңдастыруға қатысты жергілікті заңға бағынулары керек. (Лұқа 2:1, 4, 5 оқыңыз).

Ехоба Құдай ерлі-зайыптылардан бір-біріне адал болады деп күтеді (Еврейлерге 13:4). Ол ажырасуды жек көреді (Малахи 2:16). Алайда Құдай ерлі-зайыптылардың бірі неке адалдығын бұзған жағдайда, кінәсіз жұбайына ажырасып, қайта некеге тұруға тыйым салмайды. (Матай 19:3—6, 9 оқыңыз).

2. Жұбайлар бір-біріне қалай қарау керек?

Бақытты ерлі-зайыпты

Ехоба Құдай еркек пен әйелді бір-бірін толықтырып тұратындай етіп жаратқан (Мұсаның 1-жазбасы 2:18). Отағасы ретінде күйеуі отбасын ас-су, киім-кешекпен қамтамасыз етуі әрі Құдай туралы тәлім беруі керек. Ол әйелін жанқиярлықпен сүюі керек. Әйелі де күйеуін жақсы көріп, құрметтеуі тиіс. Қателеспейтін адам жоқ, сондықтан жұбайлардың бір-біріне кешірімді болғаны маңызды. Бұл — некені бақытты етудің бірден-бір жолы. (Ефестіктерге 4:31, 32; 5:22—25, 33; Петірдің 1-хаты 3:7 оқыңыз).

3. Некеңізді сәтсіз деп ойласаңыз, жұбайыңыздан бөлек кеткеніңіз дұрыс па?

Араларыңызға сызат түссе, бір-біріңізге сүйіспеншілік танытуға күш салғандарыңыз дұрыс (Қорынттықтарға 1-хат 13:4, 5). Құдай Сөзі бөлек тұруды некеде туындайтын қиындықтарды шешудің жолы деп қарастырмайды. (Қорынттықтарға 1-хат 7:10—13 оқыңыз).

4. Балалар, Құдай сендерден нені күтеді?

Ата-ана балаларына көмектесуде

Ехоба Құдай сенің бақытты болғаныңды қалайды. Жастық шағың қуанышқа толы болу үшін, ол саған ең жақсы кеңестер беріп отыр. Ол сені ата-анаңның ақыл-парасаты мен тәжірибесінен үйренсе екен дейді (Қолостықтарға 3:20). Сондай-ақ Жаратушы Құдайымыз оған ұнамды нәрселерді істегеніңді және осының нәтижесінде қуанышқа кенелгеніңді қалайды. (Уағыздаушы 11:9—12:1; Матай 19:13—15; 21:15, 16 оқыңыз).

5. Ата-аналар, балаларыңыз бақытты болу үшін не қажет?

Әкесі ұлымен сөйлесіп жатыр

Балаларды тамақ, киім-кешек, үй-жаймен қамтамасыз ету үшін көп тер төгу қажет (Тімөтеге 1-хат 5:8). Бірақ балаларыңыз шынымен бақытты болу үшін оларға Құдайды жақсы көріп, оның айтқандарын тыңдауды да үйрету керек (Ефестіктерге 6:4). Сіздің Құдайға деген сүйіспеншілігіңіз балаңыздың жүрегіне әсер етпей қоймайды. Құдай Сөзіне негізделген тәлім-тәрбие баланың ой-санасының дұрыс қалыптасуына зор септігін тигізеді. (Мұсаның 5-жазбасы 6:4—7; Нақыл сөздер 22:6 оқыңыз).

Балаға мақтау сөздер айтып, жігер берудің пайдасы көп. Сондай-ақ оны түзетіп, жөнге салып отырған да маңызды. Мұндай шаралар балаңызды бақытсыздыққа душар ететін жаман қылықтардан сақтайды (Нақыл сөздер 22:15). Алайда баланы жөнге салғанда тым қатал не дөрекі болмаған дұрыс. (Қолостықтарға 3:21 оқыңыз).

Ехоба куәгерлері ата-аналар мен балаларға көмек болатын арнайы кітаптар басып шығарған. Бұл басылымдар Киелі кітапқа негізделген. (Зәбүр 19:7, 11 оқыңыз).

Көбірек мәлімет алу үшін “Киелі жазбалардан не білеміз?” басылымының 14-тарауын қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу