Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • fg 4-саб. 1—5 сұр.
  • Иса Мәсіх деген кім?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Иса Мәсіх деген кім?
  • Құдайдан келген қуанышты хабар
  • Ұқсас мәлімет
  • Иса Мәсіх деген кім?
    Құдай бізден нені талап етеді?
  • Төлем — Құдай берген ең керемет сый
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Иса пайғамбардың өлімі бізді қалай құтқарады?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Құдайдың адамзатты құтқару үшін қолданған шарасы
    Мәңгілік өмірге алып баратын білім
Көбірек мәлімет
Құдайдан келген қуанышты хабар
fg 4-саб. 1—5 сұр.

4-САБАҚ

Иса Мәсіх деген кім?

1. Исаның өмірі қашан және қалай бастау алды?

1)Иса көкте; 2)Сәби Иса, Жүсіп пен Мәриям; 3)Иса балаларға тәлім беруде

Исаны қандай қасиеттері тартымды етті? (МАТАЙ 11:29; МАРҚА 10:13—16).

Иса Құдайдың ең алғашқы жаратылысы болған. Жерге адам болып келмес бұрын, ол көкте періште ретінде өмір сүрген (Жохан 8:23). Киелі кітапта Иса Құдайдың Ұлы деп аталған. Бірақ мұны тура мағынада түсінбеген дұрыс: Құдай адамдар сияқты әйел алып, балалы болған жоқ. Құдай Исаны жалғыз өзі жаратқан, ал қалғанның барлығын Исамен бірлесе отырып жаратты. Иса Құдайдың өкілі ретінде қызмет еткендіктен, Киелі кітапта ол “Сөз” деп те аталған (Жохан 1:14). (Нақыл сөздер 8:22, 23, 30; Қолостықтарға 1:15, 16 оқыңыз).

2. Иса не үшін жерге келді?

Құдай көкте өмір сүрген Исаны жер бетіне жіберді. Ол Исаның өмірін Мәриям деген яһудилік пәк қыздың құрсағына салды. Осылайша оның адами әкесі болған жоқ (Лұқа 1:30—35). Иса жер бетіне 1) Құдай туралы шындықты үйрету үшін, 2) Құдай еркін қиындықтарға қарамай орындауымен бізге үлгі көрсету үшін және 3) кемелді өмірін “төлем ретінде беру” үшін келді. (Матай 20:28 оқыңыз).

3. Бізге төлем не үшін қажет болды?

Төлем деп өміріне қауіп төніп тұрған адамды құтқару үшін берілетін құнды айтады (Мұсаның 2-жазбасы 21:29, 30). Негізінде, өлім мен кәрілік Құдайдың о бастағы ниетіне кірмеген еді. Мұны қайдан білеміз? Құдай ең алғашқы адамға Киелі кітапта “күнә” деп аталатын істі жасаса ғана, мұның жазасы ретінде өлім құшатынын айтқан. Демек, Адам ата күнә жасамағанда, ешқашан өлмес еді (Мұсаның 1-жазбасы 2:16, 17; 5:5). Киелі кітапта күнәнің Адам ата арқылы “келгені” айтылған. Осылайша Адам күллі ұрпақтарына күнә мен оның жазасы — өлімді қалдырды. Сол себепті бізге күнәнің жазасынан құтқаратын төлем қажет болды. (Римдіктерге 5:12; 6:23 оқыңыз).

Бізді өлімнен құтқару үшін кім төлем бере алады? Әрбір адам өлген кезде тек өз күнәсінің жазасын тартады. Демек, күнәкар адамдардың ешқайсысы өзгенің күнәсін өтей алмайды. (Зәбүр 49:7—9 оқыңыз).

4. Иса не үшін өлді?

Иса азап бағанасында қайтыс болып, кейін өмірге қайта тірілтілді және көкте Патша ретінде билік етуде

Иса біз сияқты күнәкар пенде болған жоқ. Ол ешқашан күнә жасамаған кемелді адам болатын. Сондықтан оған өз күнәсі үшін өлудің қажеті жоқ еді. Иса өзгелердің күнәсі үшін өлді. Құдай өзінің Ұлын осылай құрбан ету арқылы бүкіл адамзатқа деген зор сүйіспеншілігін көрсетті. Иса да Әкесіне мойынсұнып, күнәларымыз үшін жанын қиюымен бізді жақсы көретінін көрсетті. (Жохан 3:16; Римдіктерге 5:18, 19 оқыңыз).

“Иса пайғамбар не үшін өлді?” деген бейнероликті көріңіз.

5. Иса қазір не істеп жатыр?

Жерде болған кезінде Иса ауруларды сауықтырды, өлгендерді тірілтті және қиындыққа тап болған адамдарға көмектесті. Осылайша ол болашақта күллі тілалғыш адамзат үшін не істейтінін көрсетті (Матай 15:30, 31; Жохан 5:28). Иса өлген соң, Құдай оны рухани тұлға ретінде қайта тірілткен болатын (Петірдің 1-хаты 3:18). Содан, Иса өзіне бүкіл жер бетіне билік ету құқы берілмейінше, Құдайдың оң жағында отырды (Еврейлерге 10:12, 13). Қазір Иса көкте Патша ретінде билік етуде, ал оның ізбасарлары осы жайлы қуанышты хабарды бүкіл дүниежүзіне жариялауда. (Даниял 7:13, 14; Матай 24:14 оқыңыз).

Жақында Иса өзіне берілген билікті қолданып, барлық қайғы-қасірет пен соған себепші болып отырған зұлым адамдарды жояды. Ал Исаға мойынсұну арқылы оған сенім білдірген адамдардың барлығы жер бетінде орнайтын жұмақта мәңгі өмір сүретін болады. (Зәбүр 37:9—11 оқыңыз).

Көбірек мәлімет алу үшін “Киелі жазбалардан не білеміз?” басылымының 4 және 5-тарауларын қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу