Ехоба Құдайдың еркін орындағыңыз келе ме?
Ехоба куәгерлерінің ұйымы мен қызметі туралы көбірек білу үшін осы кітапшаны оқуға уақыт тапқаныңызға қуаныштымыз. Осы кітапшаның арқасында Ехобаның еркін бүгінде біздің ұйымның орындап жүргенін көре алдыңыз деп үміттенеміз. Біз сізді Құдай жайлы білім ала беруге, білгендеріңізді отбасыңыз бен достарыңызға айтуға және қауым кездесулерінде бізбен араласып тұруға шақырамыз (Еврейлерге 10:23—25).
Ехоба Құдай жайлы көбірек білген сайын, оның сізді шынымен қатты жақсы көретініне көзіңіз жете түседі. Ал бұл сізді оған деген сүйіспеншілігіңізді көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға талпындырады (Жоханның 1-хаты 4:8—10, 19). Алайда осыны қалайтыныңызды күнделікті өміріңізде қалай көрсете аласыз? Неге Құдайдың моральдық нормаларын ұстанғаныңыз өзіңіз үшін пайдалы? Құдайдың еркін бізбен бірге орындауға деген ықыласыңызды қалай оята аласыз? Сізбен Киелі кітапты зерттейтін бауырлас осы сұрақтардың жауабын табуға көмектесе алады. Осылайша өзіңіз де, отбасыңыз да “мәңгілік өмірге жеткізетін... Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмайсыздар” (Яһуда 21).
Біз сізді “Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз” кітабын зерттеу арқылы шындық жолында әрі қарай да нық қадамдар жасай беруге шын жүректен шақырамыз.