Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • jl 21-саб.
  • Бетел деген қандай жер?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Бетел деген қандай жер?
  • Бүгінде Ехоба Құдайдың еркін кім орындауда?
  • Ұқсас мәлімет
  • Бетелге қош келдіңдер!
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ехоба ерен еңбегімізді еш ұмытпайды
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2019)
  • Қымбатты Патшалықтың жариялаушылары!
    Біздің патшалық қызметіміз. 2006
  • Дүниежүзілік уағыздау ісінің мүддесін биік қойдық
    2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
Бүгінде Ехоба Құдайдың еркін кім орындауда?
jl 21-саб.

21-САБАҚ

Бетел деген қандай жер?

Бетелдегі Көркемдеу бөлімінде істейтін Ехоба куәгерлері

Көркемдеу бөлімі, АҚШ

Германиядағы Бетелдің баспаханасында істейтін Ехоба куәгері

Германия

Кениядағы Бетелдің кір жуатын бөлімінде істейтін Ехоба куәгері

Кения

Колумбиядағы Бетелде қызмет көрсететін даяшылар дастарқан жаюда

Колумбия

Ехоба куәгерлері уағыз ісіне жетекшілік ету үшін әртүрлі елдерде арнайы ғимараттар тұрғызған. Бұл ғимараттар орынды түрде Бетел деп аталады, өйткені еврей тілінен алынған бұл сөз “Құдайдың үйі” дегенді білдіреді (Мұсаның 1-жазбасы 28:17, 19, сілтеме). Басқарушы кеңес АҚШ-тың Нью-Йорк штатында орналасқан бас басқармада қызмет етеді. Олар сол жерден әртүрлі елдегі филиалдардың қызметін қадағалайды. Бетел ғимараттарында қызмет ететіндер Бетел отбасы ретінде белгілі. Олар бір үйдің балаларындай, бір жерде тұрады, бір жерде жұмыс істеп, тамақтанады және Киелі кітапты да бірге отырып зерттейді (Зәбүр 133:1).

Бұл — отбасы мүшелері аянбай еңбек ететін ерекше жер. Бетелде өмірлерін Құдай еркін орындауға арнаған ерлер мен әйелдер Патшалықтың мүддесі үшін толық уақыт қызмет етеді (Матай 6:33). Олар жалақы алмайды, бірақ оларға тұратын бөлме, азық-түлік және жеке шығындарын жабатын көмек беріледі. Әр бетелдіктің өзіне тағайындалған қызметі бар. Біреулері кеңседе, асүйде, асханада істесе, өзгелері баспада, кітап түптеу, тазалық, кір жуу не техникалық қызмет көрсету бөлімінде істейді.

Ол жерде уағыз ісін қолдау үшін қызу жұмыс атқарылады. Бетелде атқарылатын қызметтің басты мақсаты — Киелі кітаптағы шындықты мүмкіндігінше көп адамға жеткізу. Мысалы, қолыңыздағы кітапша осы мақсатпен басып шығарылған. Алдымен, бұл кітапша Басқарушы кеңестің басшылығымен жазылды. Сосын, оның электронды нұсқасы дүниежүзіндегі жүздеген аударма топтарына жіберілді. Аударылған мәтін Бетелдің бірнеше баспаханасында жоғары жылдамдықпен істейтін құрылғыларда басып шығарылып, 119 000-нан аса қауымға жеткізілді. Осы аталған сатылардың әрбіріне атсалысу арқылы Бетел отбасы дүниедегі ең шұғыл тапсырмаға — ізгі хабарды уағыздау ісіне — зор үлес қосуда (Марқа 13:10).

  • Бетелде кімдер қызмет етеді және олар немен қамтамасыз етіледі?

  • Бетелде қандай шұғыл іске қолдау көрсетіледі?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу