Көбірек мәлімет алғыңыз келе ме?
Бұл кітапшада Киелі кітаптағы хабар қысқаша баяндалған. Сондықтан Киелі жазбалардың ілімдері бүге-шігесіне дейін талқыланбайды.
Бәлкім сізді “Құдай шынымен менің қамымды ойлай ма? Өлген соң адаммен не болады? Шынайы бақытқа қалай қол жеткізуге болады?” деген сұрақтарға Киелі кітаптың қалай жауап беретіні қызықтырар.
Осы және басқа да сұрақтардың жауабын Ехоба куәгерлері басып шығарған “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабынан таба аласыз. Бұл басылым Киелі кітапты тақырыптық ретпен зерттеуге арналған. Кітаптың әр тарауында белгілі бір тақырыпқа қатысты жазба орындары қарастырылады. Аталмыш басылымға тапсырыс бергіңіз келсе, төмендегі купонды толтырып, көрсетілген мекенжайдың біріне жіберсеңіз болады.
Біздің www.jw.org/kk сайтымызға кіріп, бұл әдебиетті оқып не жүктей аласыз, сондай-ақ Киелі кітапты үй жағдайында ақысыз зерттеуге өтініш жасай аласыз.