Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • bm 18-тар., 21-б.
  • Исаның ғажайып кереметтер жасауы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Исаның ғажайып кереметтер жасауы
  • Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
  • Ұқсас мәлімет
  • Исаның кереметтері не туралы айтады?
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Мәсіх — “Құдайдың құдіреті”
    Ехобаға жақында
  • Иса жасаған кереметтердің қандай өнегелік мәні бар?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • Жерде болғанда Иса пайғамбар не істеді?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
Көбірек мәлімет
Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
bm 18-тар., 21-б.
Иса соқыр адамның көзіне қолын тигізіп, емдеп жатыр

18-ТАРАУ

Исаның ғажайып кереметтер жасауы

Иса кереметтері арқылы болашақта қандай игі істер жасайтынын көрсетті.

ҚҰДАЙ Исаға ерекше құдірет берді. Соның арқасында Иса көптеген кереметтер жасады. Бұған көп адам куә болды. Кереметтер жасау арқылы Иса адамзаттың шешілмей келе жатқан проблемаларын жеңуге құдіреті жететінін көрсетті. Бірнеше мысал қарастырайық.

Халықты ас-сумен қамтамасыз етті. Иса үйлену тойында керемет жасап, суды шарапқа айналдырды. Екі рет ол мыңдаған адамды бірер нан және азғана балықпен тамақтандырды. Азықтың көп болғаны сонша, тіпті артылып қалған еді.

Ауруларды сауықтырды. Иса “адамдарды барлық ауру-сырқауларынан сауықтырды” (Матай 4:23). Ол зағиптарды, саңырауларды, алапес, қояншық ауруына шалдыққандарды және ақсақ, кемтар адамдарды айықтырды. Иә, Исаның кез келген сырқатты жаза алатын құдіреті болды.

Табиғат күштеріне үстемдік етті. Бірде Иса шәкірттерімен бірге Ғалилея теңізінде қайықпен жүзіп келе жатқанда, кенеттен қатты дауыл тұрды. Сонда шәкірттерінің зәре-құты қалмады. Ал Иса еш қорықпастан теңізге қарап тұрып: “Тына қал, басыл!”— деп бұйырды. Сол кезде дауыл басылып, жым-жырт тыныштық орнады (Марқа 4:37—39). Басқа бір жолы теңізде қатты жел тұрғанда, Иса судың бетімен жүрді (Матай 14:24—33).

Жын-перілерді бағындырды. Жындар адамдардікінен әлдеқайда зор күшке ие. Сондықтан жын соққан адамдар олардың құрсауынан өздігінен босана алмайды. Алайда Иса жындарға адамды тастап шығуды бұйырғанда, олар бағынатын. Иса жын-перілерден қорыққан жоқ. Қайта, олар Исаның құдіреті басым екенін білгендіктен одан қорқатын.

Өлгендерді қайта тірілтті. ‘Жойылатын соңғы жау — өлімді’ ешбір адам жеңе алмайды (Қорынттықтарға 1-хат 15:26). Алайда Иса өлілерді қайта тірілткен. Мысалы, ол жесірдің жалғыз ұлына және бір кішкентай қызға қайта өмір сыйлады. Тағы бірде бұдан да зор оқиға орын алды: Иса жоқтап жатқан бір топ адамның алдында өлгеніне төрт күн болған аяулы досы Елазарды қайта тірілтті! Сонда тіпті қас жаулары Исаның керемет жасағанын мойындаған еді (Жохан 11:38—48; 12:9—11).

Осы айтылған кереметтерді Иса не үшін жасады? Ол тірілткен адамдар бәрібір дүниеден өтті емес пе? Иә, солай болды. Алайда Исаның жасаған кереметтері әлі күнге дейін зор пайда әкелуде. Олар Мәсіх Патшаға қатысты пайғамбарлықтардың міндетті түрде орындалатынына сенімділік береді. Сондықтан Құдай тағайындаған Патшаның аштықты, табиғи апаттарды, ауруды, жын-перілер мен өлімді жоятынына еш күмәнданбасақ та болады.

Матай, Марқа, Лұқа және Жохан кітаптарына негізделген.

  • Иса аштыққа, ауруға, табиғи апаттарға, жын-перілер мен өлімге үстемдік ете алатынын қалай көрсетті?

  • Исаның жасаған кереметтері болашаққа қатысты қандай сенімділік береді?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу