82-ән
Мәсіх сияқты жұмсақ болыңдар
1. Иса Мәсіх ұлы тұлға болса да,
Көкірек, менмендіктен еді ада.
Құдайдан алса да ол іс маңызды,
Кішіпейіл боп, жұмсақтық танытты.
2. Еңсесін ауыр жүк басқан жандарды
“Кел!” деп өзіне Иса шақырады.
Сергітер жұмсақ адамның бәрін де,
Иеміз болған соң жұмсақ өзі де.
3. Өзара бауырмыз Иса айтқандай,
Жүрмейміз іздеп біз атақ ешқандай.
Ехоба жұмсақ болғанды сүйеді,
Мұндайға мұра қып жерді береді.
(Мат. 5:5; 23:8; Нақ. с. 3:34; Рим. 12:16 қараңыз.)