2-ән
Ехоба, рақмет!
1. Ехоба, рақмет, түнде де, күндіз де,
Жарық бердің мейіріммен бізге.
Рақмет, алдық біз артықшылық ерен
Дұғада көмек сұрауға сенен.
2. Ехоба, рақмет, жібердің Ұлыңды,
Зор сенімімен жеңген заманды.
Рақмет, басшылығың арқылы демеп,
Сөзде тұруға бердің көп көмек.
3. Рақмет, үйреткен шындық жолың үшін,
Бізге зор құрмет тапсырған ісің.
Рақмет, ұзамай қайғы жоқ болады,
Патшалығыңда бата қонады.
(Зәб. 50:14; 95:2; 147:7; Қол. 3:15 қараңыз.)