103-ән
“Үйден үйге”
1. Үйден үйге хабар айтып,
Қала, ауыл, елде.
Ехобаның қойын іздеп
Жүрміз барлық жерде.
Иса Мәсіх бастау берген
Уағыз кең тарауда,
Аянбастан үлес қосып,
Барлық кәрі-жас та.
2. Әрбір үйлер, әр есіктер
Бізден хабар алар.
Ехобаны шақырғанға
Құтқарылу болар.
Атын оның білмейтіндер
Шақыра алмайды.
Әрбір үйге, әр есікке
Айтамыз сол жайлы.
3. Үйден үйге Патшалықтың
Жүрміз сеуіп дәнін,
Барша жанға паш етеміз
Құдайдың есімін.
Естігендер таңдау жасар
Әркім өзі біліп.
Момын жандарды табайық
Үйден үйге кіріп.
(Ел. іс. 2:21; Рим. 10:14 қараңыз.)