Басқарушы кеңестің хаты
Ехобаны сүйетін оқырман!
Иса: “Ақиқатты біле түсесіңдер, ал ақиқат сендерді азаттыққа жеткізеді”,— деген (Жохан 8:32). Жігер беретін неткен керемет сөздер! Иә, тіпті қазіргі жалғандыққа толы соңғы күндері де шындықты білуге болады (Тімотеге 2-хат 3:1). Құдай Сөзіндегі шындықпен алғаш танысқан кезің есіңде ме? Бұл неткен ғанибет еді десеңші!
Алайда шындық жайлы тура білім алып, оны үнемі өзгелерге айту қаншалықты маңызды болса, шындыққа сай өмір сүру де соншалықты маңызды. Бұлай ету үшін біз Құдайдың сүйіспеншілігінің саясында жүруіміз керек. Ол үшін не істеуіміз керек? Бұл сұрақтың жауабын Иса Мәсіхтің өлер түні айтқан сөзінен табуға болады. Ол өзінің адал елшілеріне: “Менің Әкемнің өсиеттерін орындап, сүйіспеншілігін қабылдап жүргенімдей, сендер де Менің өсиеттерімді орындасаңдар, сүйіспеншілігімді қабылдап жүресіңдер”,— деген (Жохан 15:10).
Байқасаң, Иса өсиеттерін орындау арқылы Әкесінің сүйіспеншілігінің саясында жүрген. Біз жөнінде де солай деуге болады: Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылып қалмау үшін шындыққа сай өмір сүруіміз керек. Сол түні Иса тағы былай деген: “Осыны біліп, солай іс-әрекет етсеңдер, бақытты боласыңдар!” (Жохан 13:17).
Осы басылым сенің әрі қарай да шындыққа сай өмір сүре беруіңе және ‘Құдайдың сүйіспеншілігіне бөленіп, мәңгілік өмірге жетуіңе’ көмектеседі деп үміттенеміз (Яһуда 21).
Ехоба куәгерлерінің Басқарушы кеңесі