Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • cl 3-б.
  • Алғы сөз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Алғы сөз
  • Ехобаға жақында
Ехобаға жақында
cl 3-б.

Алғы сөз

Қымбатты оқырман!

Сен Құдаймен тығыз қарым-қатынастасың ба? Көп адамға Құдайға жақындау мүмкін еместей болып көрінеді. Кейбірін ол тым алыста деген ой қорқытса, өзгелері Құдайға жақындауға өздерін лайықсыз сезінеді. Алайда Киелі кітап сүйіспеншілікпен бізді: “Құдайға жақындаңдар, сонда Ол да сендерге жақындайды”,— деп шақырады (Жақып 4:8). Құдай тіпті өзінің ғибадат етушілерін: “Мен, сиынатын Құдай Иең [“Иеһова”, ЖД], сені оң қолыңнан сүйемелдеймін. Қорықпа, Мен сені қолдап қорғаймын!— деп саған берік уәде беремін”,— деп сендіреді (Ишая 41:13).

Құдаймен осындай тығыз қарым-қатынасты қалай дамытуға болады? Кез келген достық қарым-қатынас адаммен жақынырақ танысып, оған тән жағымды қасиеттерді біліп, оларды бағалаудан басталады. Сондықтан бізге Киелі кітапта айтылған Құдайдың қасиеттері мен жолдарын өте мұқият зерттеу қажет. Иеһова өзінің әрбір қасиетін қалай көрсететіндігінің және Иса Мәсіхтің кемелді түрде оларды қалай танытқандығының үстінен ой жүгірту, сондай-ақ осы қасиеттерді бойымызда қалай дамытуға болатындығын түсіну арқылы Құдайға жақындай аламыз. Сонымен қатар Иеһованың Әлемнің құқылы әрі бірден-бір Әміршісі екендігіне көз жеткіземіз. Оның үстіне, бәрімізге де тап осындай Әке қажет. Орасан зор күші бар, әділетті, даналық пен сүйіспеншілікке толы ол өзінің адал балаларын ешқашан тастамайды.

Олай болса, осы кітап Иеһова Құдаймен бұрынғыдан да тығыз қарым-қатынас дамытып, әрі онымен айнымас дос болуыңа көмегін тигізе бергей. Сонда мәңгі өмір сүріп, Иеһованы мәңгі бақи дәріптейтін боласың.

Ехоба куәгерлері

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу