Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • be 37-саб., 212-б.—214-б., 5-абз.
  • Негізгі ойларға баса назар аудару

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Негізгі ойларға баса назар аудару
  • Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Ұқсас мәлімет
  • Негізгі ойларға баса назар аудару
    Оқу мен тәлім беру қабілетін шыңдайық
  • Баяндама жоспарын құру
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Негізгі ойларды еске түсіріңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
  • Берілген материалды қолдан
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
Көбірек мәлімет
Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
be 37-саб., 212-б.—214-б., 5-абз.

37-САБАҚ

Негізгі ойларға баса назар аудару

Не істеуің керек?

Материалды негізгі ойларға ерекше көңіл аударатындай етіп реттеп, баяндауың керек.

Бұл неге маңызды?

Бұл естігенді есте сақтап қалуға көмектеседі, осылайша адам оның үстінен ой жүгіртіп, өмірінде қолдана алады.

БАЯНДАМАНЫҢ негізгі ойлары деген не? Бұл баяндау барысында жолай айтылған жай қызықты ойлар емес. Негізгі ойлар — бүге-шігесіне дейін талқыланып, мағынасы ашылатын әлдеқайда маңызды ойлар. Бұл ойларсыз алға қойған мақсатыңа жете алмайсың.

Негізгі ойларға баса назар аудару үшін, алдымен, материалды ұқыпты таңдау және оларды мазмұны бойынша реттеу керек. Зерттеу жүргізгенде көбінесе қажетінен артық мәлімет табасың. Бірақ соның қайсысын қолданатыныңды қалай анықтауыңа болады?

Біріншіден, тыңдаушыларыңды ойла. Талқылағалы отырған сұрағың оларға қаншалықты таныс? Оған қатысты Киелі кітапта айтылғандармен көпшілігі келісе ме, жоқ әлде күдікпен қарай ма? Сол тақырыпқа қатысты Киелі кітаптан білгендерін өмірде қолдануда қандай қиыншылықтарға кезігіп жатады? Екіншіден, осы тақырыпты тыңдаушыларыңа баяндаудағы мақсатыңды нақты анықтап алғаныңа көз жеткізіп ал. Осы екі кеңесті есте ұстай отырып, материалыңды салмақтап-саралап, шынымен қажет дегендерін қалдыр.

Егер тақырып пен негізгі ойлар көрсетілген дайын жоспар берілсе, соны ұстануың керек. Ал әрбір негізгі ойлармен жұмыс істегенде, жоғарыда айтылған кеңестерді есте ұстайтын болсаң, баяндамаңның құндылығы арта түседі. Жоспар берілмесе, негізгі ойларды өзің таңдауың керек.

Егер негізгі ойларды жақсылап түсініп, сондай-ақ оларды ашатын мәліметтерді сол ойлардың астына орналастырып алсаң, баяндаманы айту жеңілірек болады. Ал тыңдаушыларың одан көбірек пайда ала алады.

Материалды реттеудің тәсілдері. Материалды реттеудің түрліше тәсілдері бар. Олармен танысып шыққан соң, мақсатыңа жетуіңе әсіресе тиімді болатынын таңдап ал.

Материалды реттеудің икемді тәсілдерінің бірі — оны тақырыптық тәртіппен орналастыру. (Бұл жерде негізгі ойлардың бәрі де тыңдаушыларға талқыланып жатқан сұрақты түсінуге немесе баяндаманың мақсатына жетуіңе көмектесетіндіктен, бірде-біреуін қалдырмау керек.) Келесі бір тәсілі хронологиялық тәртіппен реттеу болып табылады. (Мысалы, Топан суға дейінгі оқиғаны, кейіннен б. з. 70 жылы Иерусалимнің жойылуына дейінгіні, сонан соң біздің күндерімізде болып жатқан оқиғаларды айтуыңа болады.) Үшіншісі — себеп-салдар принципі. (Ойды салдарынан себепке қарай, не керісінше, өрбітуге болады. Мысалы, қандай да бір жағдайды, яғни салдарын айтып, сонан соң себебін көрсетуге болады.) Төртінші тәсіл — қарама-қайшы қойып салыстыру. (Жақсы мен жаманды немесе оң мен терісті қарама-қайшы қоюға болады.) Бір баяндамада бірден бірнеше тәсілді қолданса да болады.

Степанды жалған айыптап, яһудилердің жоғарғы кеңесіне әкелгенде, ол оқиғаларды хронологиялық ретпен баяндап, күшті сөз сөйлеген. Елшілердің істері 7:2—53 дейінгі тармақтарды оқығанда, ойлардың қалай ойластырылып таңдалғанына назар аудар. Степанның алғашқы сөздерінен-ақ тыңдаушыларына өздері жоққа шығара алмайтын оқиғалар жайлы айтылатыны түсінікті болды. Сонан соң, ол Жүсіптен ағалары бас тартса да, Ехоба оны өз халқын құтқару үшін қолданғанын баса көрсетті. Кейін исраилдіктердің Құдай тағайындаған Мұсаға мойынсұнбағандарын айтып берді. Ал сөзінің аяғында Иса Мәсіхті өлтірткендер де сол исраилдіктердің рухын танытқанына баса назар аударды.

Негізгі ойлар тым көп болмау керек. Кез келген тақырыпты ашу үшін негізгі ойдың бірнешеу болғаны жеткілікті. Көп жағдайда олар санаулы ғана болады, бұл жерде 5, 10, 30 минут не одан да көп сөйлегенің рөл ойнамайды. Сондықтан тым көп ойға баса назар аударуға тырыспа. Тыңдаушылар бір баяндамадан бірнеше ойды ғана ұға алады. Сол себепті баяндама неғұрлым ұзақ болса, ондағы негізгі ойларды соғұрлым нақты да анық көрсету керек.

Негізгі ойларың қанша болмасын, оның әрқайсысын жақсылап ашып беруің керек. Әрбір ойды жақсы ұғып, ойлана алулары үшін тыңдаушыларыңа жеткілікті уақыт бер.

Баяндамаң қарапайымдылығымен әсер қалдыру керек. Бұл барлық уақытта да материалыңның көлеміне байланысты емес. Егер ойлар анық етіп бірнеше негізгі бөлімге біріктірілген болса және олардың әрқайсысын кезегімен талқыласаң, айтқандарың ұғуға жеңіл болып, есте жақсы қалады.

Негізгі ойларға баса назар аудар. Материалың дұрыс реттелген болса, баяндау барысында негізгі ойлардың маңыздылығын көрсету қиын болмайды.

Негізгі ойларға баса назар аударудың басты жолы — дәлелдерді, тармақтар мен өзге де мәліметтерді сол басты ойға көңіл бұратындай етіп айту. Ал қосымша ойлар негізгі ойды айқындап, растап және оны салмақты етуі керек. Тақырыбыңа тікелей қатысы жоқ ойларды, мейлі, қаншалықты қызық болса да, қоспа. Қосымша ойларды талқылағанда, олардың негізгі оймен қандай байланысы бар екенін айқын көрсет. Оны тыңдаушылардың өздері түсініп алады деп ойлама. Мұндай байланысты көрсету үшін ара-арасында негізгі сөздерді не негізгі ойдың түйінін қайталап тұруға болады.

Кейбір баяндамашылар негізгі ойларға баса назар аудару үшін оларды ретімен санамалап шығады. Бұл да негізгі ойларға көңіл бұрудың бір жолы, бірақ мұны қолдану үшін де материалды мұқият таңдай әрі қисындылықпен реттей білу қажет.

Бәлкім, басында негізгі ойды айтып алып, кейіннен оны растайтын дәлелдерді айтқың келер. Мұндай тәсілді қолдану кейінгі айтылатын сөздерге ерекше салмақ қосады, әрі негізгі ойларды айрықшалап көрсетеді. Негізгі ойды ашып болған соң, оның түйінін қысқаша қайталау арқылы есте қаларлықтай етуге болады.

Уағыздау қызметінде. Жоғарыда талқыланған принциптерді баяндама айтқанда ғана емес, уағыздау қызметінде де қолдануға болады. Қызметке дайындалып жатқанда, аймағыңдағы адамдарды әсіресе не мазалайтынын ойла. Осы проблеманың шешілуіне қатысты Киелі кітап қандай үміт беретінін көрсетуге көмектесетін тақырыпты таңдап ал. Сол тақырыпты ашуға көмектесетін, мысалы, екі негізгі ойды таңда. Оларға лайық келетін Жазба орындарын тап. Сонан соң әңгімені қалай бастайтыныңды ойлан. Осындай дайындық ұсынысыңды әңгіменің ыңғайына қарай икемдеуіңе мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл сөйлескен адамыңның есінде қалатындай нәрсе айтуыңа көмектеседі.

НЕГІЗГІ ОЙЛАРҒА БАСА НАЗАР АУДАРУ ҮШІН

  • Негізгі ойларды таңдаудан бұрын, тыңдаушыларың ол тақырып жайлы не білетіні мен мақсатың туралы ойлан. Материалыңды осыларды есте ұстай отырып ретте.

  • Келтірілген дәлелдердің, Жазба орындары мен өзге де мәліметтердің негізгі оймен қандай байланысы бар екенін айқын көрсет.

  • Негізгі ойлардың әрқайсысына баса назар аудар. Мұны оларды ретімен санамалап шығу арқылы, яки сөзіңнің басында сол ойларды айтып алып, соңынан растайтын мәліметтерді келтіру немесе негізгі ой ашылған соң, қайталау арқылы істеуге болады.

ЖАТТЫҒУ: Осы аптада зерттейтін “Күзет мұнарасындағы” мақаланы қайтала. Қалың қаріппен жазылған тақырыпшалар мен қоршаудағы қайталауға арналған сұрақтардың көмегімен негізгі ойларды анықтауға тырыс. Апта сайын осылай істеген пайдалы.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу