Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • be 27-саб., 174-б.—178-б., 2-абз.
  • Еркін сөйлеу

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Еркін сөйлеу
  • Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Ұқсас мәлімет
  • Жоспарды қолдану
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Көпшілікке арналған баяндаманы дайындау
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Шабыттанып сөйлеу
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Баяндама жоспарын құру
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
Көбірек мәлімет
Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
be 27-саб., 174-б.—178-б., 2-абз.

27-САБАҚ

Еркін сөйлеу

Не істеуің керек?

Тыңдаушыларыңа айтқың келген ойларды тиянақтап алып, оларды сөйлейтін кезде сөзге айналдыр.

Бұл неге маңызды?

Еркін сөйлеу тыңдаушылардың көңілін жаулап алудың және оларды іс-әрекетке талпындырудың ең нәтижелі жолы болып табылады.

СЕН баяндамаңмен жақсылап жұмыс істедің делік: қызықты материал жинап, оны өте қисынды етіп реттеп, тыңғылықты дайындалып жаттықтың. Бірақ тыңдаушыларыңның көңілі оқтын-оқтын басқа жаққа ауып, айтқандарыңа толық құлақ аспай отырса, мақсатыңа жете аласың ба? Айтып жатқандарыңа зейін қоюлары қиын болса, олардың жүректеріне әсер етуің мүмкін бе?

Мұндай қиындық неден туындауы мүмкін? Мұның себебі әр түрлі болуы мүмкін, соның ішінде жиі кездесетіні — баяндамашының еркін сөйлемеуі. Басқаша айтқанда, ол жазбасына тым жиі қарай береді немесе сөйлеу мәнері тым ресми болады. Бұл кемшіліктер оның баяндаманы қалай дайындағанымен тікелей байланысты.

Егер баяндаманы түгел жазып алып, кейін оны қайтадан жоспарға айналдыруға тырыссаң да, еркін сөйлеу бәрібір қиын екенін байқарсың. Неліктен? Өйткені сен ойыңды жеткізетін сөздерді таңдап қойдың. Сондықтан мінбеде жоспарды қолданып айтып тұрсаң да, ойыңды соған дейін қағазға жазып алған сөздермен айтуға ұмтыла бересің. Жазбаша тіл ресмилеу болады, ондағы сөйлемдердің құрылымы ауызекі тілге қарағанда күрделірек болады. Мұның бәрі сөйлегенде байқалып тұрады.

Баяндаманы сөзбе-сөз жазып алғаннан гөрі, мыналарды істеуге тырыс: 1) Тақырыбыңды және оны ашатын негізгі ойларды таңдап ал. Қысқа баяндамаға екі, ал ұзақтауына төрт-бес негізгі ой жеткілікті болады. 2) Әрбір негізгі ойдың астына оларды ашатын Жазба орындарын жазып қой; көрнекі мысалдар мен маңызды деген дәлелдерді келтір. 3) Алғы сөзіңді жақсылап ойластыр. Тіпті бір-екі сөйлемін жазып қойсаң да болады. Қорытындылайтын соңғы сөздеріңді де ойластырып ал.

Баяндаманы айтуға дайындалу өте маңызды, бірақ ойыңды жазбадағыдай сөзбе-сөз қайталап, жатқа айтуға тырыспа. Еркін сөйлеу үшін дайындық кезінде сөздерге емес, ойларға баса назар аудару керек. Әрбір ой келесі оймен санаңда бірден ұласып кетпейінше қайталау керек. Егерде баяндама қисынды әрі бірізділікпен құрастырылған болса, бұл қиындық тудырмау керек. Сонда айтып жатқан кезіңде ойлар жіпке тізілген моншақтай бірінің артынан бірі келе береді.

Еркін сөйлеудің артықшылығы. Еркін сөйлеудің зор артықшылығы тілің тыңдаушыларыңа жақын, қабылдауларына өте жеңіл болады, әрі беріле сөйлеп, тыңдаушыларың сені қызыға тыңдайтын болады.

Еркін сөйлейтін болсаң, тыңдаушыларыңа қарай аласың, сондай-ақ олармен жақсы байланыста бола аласың. Әр сөйлемді қағаздан оқып жатпағаныңды көрген тыңдаушылар мәліметіңді өзіңнің де жақсы білетініңді және айтып жатқандарыңа нық сенімді екеніңді байқайды. Еркін сөйлегенде адам шын жүректен, жылы-жұмсақ әрі ауызекі тілмен сөйлейді, нәтижесінде сөз тыңдаушылардың жүрегіне әсер етеді.

Жазылған мәтінге байланып қалмаған болсаң, қалаған кезіңде қандай да бір өзгеріс енгізе аласың. Мысалы, баяндама айтатын күні таңертең жаңалықтардан тақырыбыңа тікелей қатысы бар бір қызықты хабар естідің делік. Оны неге айта кетпеске? Не болмаса мінбеден сөйлеп тұрғанда, залда мектеп жасындағы балалар көп екенін байқадың. Айтып жатқандарың олардың да өміріне қатысы бар екенін көрсетіп, олардың жанына жақын мысал келтірсең қандай жақсы болар еді!

Еркін сөйлеудің тағы бір артықшылығы сөйлеп жатқанда ми белсенді жұмыс істей бастайды. Ал тыңдаушыларыңның әрбір сөзіңді қалт жібермей, мұқият тыңдап отырғанын көргенде, одан сайын жігерленіп, қандай да бір ойларды тереңірек ашып, я болмаса баса назар аудару үшін кейбір бөлімдерді қайталайтын боласың. Ал егер тыңдаушыларыңның ойлары басқа жаққа ауып, қызығушылығы жоғала бастағанын байқасаң, онда сол күйіңде сөзіңді әрі қарай жалғастыра бермей, белгілі бір шара қолдана аласың.

Қауіптер. Еркін сөйлеуге байланысты бірқатар қауіп бар. Оның бірі — уақытты асырып жіберу. Мұндай қауіп баяндамашы сөйлеу барысында жаңа ойларды көп қосып жібергенде туындайды. Уақтылы аяқтау үшін қағазыңа баяндаманың әр бөліміне қанша уақыт бөле алатыныңды жазып алып, оны қатаң ұстануға тырыс.

Тағы бір қауіп — баяндамашылардың, әсіресе тәжірибелі баяндамашылардың, өз күшіне тым сенімді болуы. Көпшілік алдына шығып сөйлеуге үйреніп қалғандықтан, кейбір баяндамашылар оны дайындау түк те қиын емес, яғни отыра қалып бірнеше ойды біріктіре салса болды деуі мүмкін. Алайда кішіпейілділік пен Ехобаның, Ұлы Ұстазымыздың, білім беру бағдарламасына қатысып жатқанымызды сезінгеніміз әрбір тапсырманы дұға айтып және әрдайым жақсы дайындықпен орындауға талпындырады (Иш. 30:20, ЖД; Рим. 12:6—8).

Баяндаманы еркін айтып үйренбегендер, бәлкім, айтқысы келгендерін ұмытып қалудан қорқар. Мұндай қорқыныштың баяндаманы еркін айтуыңа кедергі болуына жол берме. Еркін сөйлеу — жақсы баяндамашы болудағы ең маңызды қадам. Жақсылап дайындал және Ехобадан киелі рухымен көмектесуін сұрап дұға ет (Жох. 14:26).

Кей баяндамашылар сөз таңдауға көп мән беретіндіктен, еркін айтудан қашқақтайды. Әрине, баяндаманың дайын мәтіні еркін айтылған баяндамаға қарағанда сөздердің тиянақты іріктелуі және сөйлемдердің сауатты құрылуымен ерекшеленеді, бірақ еркін сөйлеумен ерекшеленетін ауызекі тіл бұл кемшіліктердің орнын толтырады. Адамдар қарапайым да түсінікті сөздермен я сөйлемдермен айтылған ойларды жақсырақ қабыл алады. Егер жақсылап дайындалып, ойларды қайталауға жеткілікті уақыт бөлсең, айтатындарыңды жаттап алудың қажеті болмайды, өйткені керекті сөздер аузыңа өзі түсіп, оп-оңай сөйлем құрала беретін болады. Сонымен қатар күнделікті әңгімелескенде жақсы сөйлеуге әдеттенсең, мінбеден сөйлегенде де қиындық тумайды.

Қандай жоспарды қолданасың? Тәжірибе жинақтай келе, жоспарыңды әрбір бөлімі бірнеше ғана сөзден және қажетті деген Жазба орындарынан тұратындай етіп қысқарта аласың. Жоспарды қолдануға ыңғайлы болатын карточкаға не бір парақ қағазға жазуға болады. Уағыздау қызметіне арналған жоспарды көп жағдайда жай ғана есте ұстаған жақсы. Егер қайта оралып баруға дайындалғанда қандай да бір сұраққа ізденіс жүргізген болсаң, керекті ойларды параққа жазып алып, Киелі кітаптың арасына салып қоюға болады. Я болмаса, “Киелі кітапқа негізделген талқылауға арналған тақырыптар” брошюрасындағы жоспарды не “Жазбалар туралы пікір алысу” (ағ.) кітабындағы материалды негіз етсең болады.

Егерде екі-үш аптаның ішінде қауым кездесулеріне бірнеше баяндама дайындау керек болса, оның үстіне, көпшілікке арналған баяндама айту қажет болса, саған толығырақ жазылған жоспарлар қажет болады. Не үшін? Бұл әрбір тапсырмаңды орындар алдында материалыңды еске түсіру үшін қажет. Бірақ сөйлеп жатқанда жазып алғаныңды сөзбе-сөз қайталап айтуға тырысып, әр сөйлемнен соң қағазыңа қарай берсең, еркін сөйлеудің бар пайдасын жоғалтасың. Толығырақ жазылған жоспарды қолданар болсаң, ыңғайлы болу үшін жоспарыңның негізі болып табылатын сөздерді және тармақтарды белгілеп қой, сонда қағазыңа қарағанда олар бірден көзге түсетін болады.

Тәжірибелі баяндамашы көбінше еркін сөйлеуі керек, әйтсе де, баяндаудың өзге түрлерін қолданса да болады. Мысалы, алғы сөз бен қорытынды, бір жағынан, тыңдаушылармен көз арқылы байланысуды талап етсе, екінші жағынан, күшті әрі жақсылап ойластырылған сөздерді талап етеді. Сондықтан да алғы сөздегі және қорытынды бөліктегі бірнеше сөйлемді жаттап алу керек болар. Ал әр түрлі деректерді, дәлелдерді, дәйексөздер мен Киелі кітаптың тармақтарын тікелей оқып берген дұрыс.

Аяқ астынан жауап беру қажет болғанда. Кей кезде сеніміміз жайлы алдын ала дайындалмай айтуға тура келеді. Мысалы, уағыздауда әлдекім қарсы пікір айтуы мүмкін. Мұндай жағдай жұмыста, мектепте не туысқандарымызбен әңгімелескенде болуы ықтимал. Кейде мемлекет қызметкерлері де сеніміміз бен көзқарасымыз жөнінде түсіндіруді талап етуі мүмкін. Киелі кітап бізді: “Үмітті түсіндіруді сұраған кез келген адамға жауап беруге әрдайым дайын болыңдар. Тек ілтипат, құрмет танытып сөйлеңдер”,— деп шақырады (Пет. 1-х. 3:15).

Елшілердің істері 4:19, 20-да Петір мен Жоханның Жоғарғы кеңестің алдында қалай жауап бергеніне назар аударшы. Бір-екі ауыз сөзбен олар өздерінің көзқарастарын нақты түсіндірген. Сонымен қатар тыңдаушыларының кімдер екенін ескеріп, олар ұстанған принциптерінің сот мүшелеріне де қатысты екенін көрсеткен. Кейінірек жалған айып тағылған шәкірт Степан да дәл осы соттың алдына әкелінді. Оның дайындықсыз, аяқ астынан айтқан әсерлі сөздерін Елшілердің істері 7:2—53 дейінгі тармақтардан оқып шық. Жоғарғы кеңестің алдында ойын қалай өрбітіп жеткізді? Ол болған оқиғаларды тарихи ретімен айтып, белгілі бір жеріне келгенде, Исраил халқының танытқан бүлікшіл рухына ерекше назар аударды. Ал қорытындысында Жоғарғы кеңестің де Құдай Ұлын өлімге кескенде, дәл сондай рух танытқанын айтты.

Сенетін ілімдерің туралы аяқ астынан жауап беруге тура келгенде, жақсылап жауап беруіңе не көмектеседі? Артаксеркс патшаның сұрағына жауап берерде, ішінен Құдайға дұға айтып алған Нехемияның үлгісіне елікте (Нех. 2:4). Сонан соң айтатын жауабыңның жоспарын ойша тез құрастырып ал. Мұның негізгі қадамдары: 1) айтатын бір-екі ойды таңда (“Киелі кітапқа негізделген талқылауға арналған тақырыптар” брошюрасын негіз етіп алсаң болады); 2) сол ойларды қандай Жазба орындарымен растауға болатынын ойлан; 3) сұрақ қойған адамыңды өзіңді тыңдауға бейімдеу үшін әдеппен әңгімені қалай бастауға болатынын ойластыр. Сонан соң сөзіңді баста.

Бәлкім, адамдар қысымға алған жағдайда, айтатын сөздерімді ұмытып қалам деп қорқарсың? Иса өзінің ізбасарларына: “Сендерді ұстап бергенде, қалай және не айтатындарыңды ойлап уайымдамаңдар! Айтатын сөздерің сол сәтте ауыздарыңа салынады. Осылай өздерің емес, сендер арқылы көктегі Әкелеріңнің Киелі Рухы сөйлейтін болады”,— деген (Мат. 10:19, 20). Бұл бірінші ғасырдағы мәсіхшілер сияқты ‘даналық сөзді’ керемет түрде аласың дегенді білдірмейді (Қор. 1-х. 12:8). Бірақ Ехобаның өз қызметшілеріне қауым арқылы беріп отырған білімін толық қабыл алып жүрген болсаң, керек кезінде киелі рух қажет мәліметті есіңе салады (Иш. 50:4).

Еркін сөйлеудің өте тиімді екендігінде дау жоқ. Егер кездесуде тапсырмаларыңды еркін айтып машықтанған болсаң, қажет болған жағдайда аяқ астынан сөйлеу қиын болмайды, өйткені бұл екі жағдайда да жоспар жасаудың бірдей принципі қолданылады. Сондықтан еш тартынба. Еркін сөйлеп үйренгенің уағыздау қызметінде анағұрлым нәтижелі болуыңа көмектеседі. Егер саған қауымда баяндамалар айту артықшылығы берілсе, еркін сөйлей отырып, тыңдаушыларыңның көңілін жаулап аласың, әрі жүректеріне жеткізе сөйлейтін боласың.

ЕРКІН СӨЙЛЕУ ҮШІН

  • Еркін сөйлеудің артықшылықтарын жете ұғын.

  • Баяндаманы толық жазып алудың орнына, қарапайым жоспар жасап ал.

  • Дайындалғанда ойша әрбір негізгі ойды өз алдына қайтала. Сөздерге емес, ойлардың қисынды өрбуіне көңіл қой.

ЖАТТЫҒУЛАР: 1) “Күзет мұнарасын” зерттеу кездесуіне дайындалғанда, толық сөйлемдерді емес, негізгі сөздерді белгілеуді әдетке айналдыр. Өз сөзіңмен жауап бер. 2) Келесі жолы Мектептен алған тапсырмаңды дайындағанда, тақырыбың мен дайындап қойған екі-үш негізгі ойларды есіңе түсіріп қайталаудан баста.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу