Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • be 16-саб., 135-б.—138-б., 5-абз.
  • Өзіңді ұстай білу

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Өзіңді ұстай білу
  • Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Ұқсас мәлімет
  • Қызығушылық оятатын алғы сөз
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Шабыттанып сөйлеу
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Тыңдаушыларға қарап сөйлеу
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Баяндамаңда тыңдаушыларың үшін пайдалы мәлімет болсын
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
Көбірек мәлімет
Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
be 16-саб., 135-б.—138-б., 5-абз.

16-САБАҚ

Өзіңді ұстай білу

Не істеуің керек?

Тұрысың, қимылың мен сөйлегеніңнен өзіңді еркін сезініп, өз қадіріңді білетінің көрініп тұру керек.

Бұл неге маңызды?

Өзіңді ұстай білсең, тыңдаушыларың саған емес, айтып жатқандарыңа көбірек көңіл қояды.

БАЯНДАМА айтудың алдында қобалжу — әсіресе жиі айтып жүрмеген болсаң — табиғи нәрсе. Жариялаушы да уағыздауға шыққанда, алғашқыда біраз қобалжуы мүмкін. Еремия пайғамбарлыққа тағайындалғанда, ол: “Мен сөйлей алмаймын, мен әлі жаспын”,— деген болатын (Ер. 1:5, 6). Ехоба Еремияға көмектескен, ол саған да міндетті түрде көмектеседі. Уақыт өте келе, өзіңді ұстай білуді үйреніп аласың.

Тұла-бойын меңгере алатын баяндамашы өзін емін-еркін сезінеді, ал бұл оның өзін қалай ұстап тұрғанынан көрінеді. Оның тұрысы табиғи қалпынан айнымайды, әрі сол жағдайына сай болады. Қолдарымен артық қимылдар жасамайды, мәнерлеп сөйлейді және даусын қадағалай алады.

Егер осы айтылғандарға сай келмеймін деп ойласаң, абыржыма: жақсару қолыңнан келеді. Қалайша? Алдымен, баяндамашының не себептен қобалжитынын және өзін ұстай алмайтынын қарастырайық. Мұның бір себебі ағзада болып жататын процестерге байланысты.

Қандай да бір маңызды істі атқару керек болса, бірақ оны жақсы орындайтыныңа күмәнданып тұрсаң, әрине, қобалжи бастайсың. Мұндай кезде ми адреналиннің көбірек бөлініп шығуына белгі береді. Ал бұл жүрек соғысының жиілеуіне, тыныс алу қалпының бұзылуы мен тердің көп шығуына, ал кейде аяқ-қолдың, дауыстың дірілдеуіне әкеп соғады. Ағзамыз осындай жағдайларды реттеу үшін күш-қуатын жұмылдырады. Енді сол күшті дұрыс ойлау мен шабыттанып сөйлеуге бағыттай білу қажет.

Тым қатты қобалжымау үшін не істеуге болады? Аздап қобалжу кәдімгідей нәрсе екенін ұмытпа. Алайда тым қатты қобалжитын болсаң, өз-өзіңді ұстау мен еркін сезіну және кеудені тік ұстап тұру қиын болады. Сондықтан қобалжуды басу қажет. Мұны қалай істеуге болады?

Жақсылап дайындал. Тапсырмаңды дайындауға уақытыңды аяма. Талқылайын деп жатқан тақырыпты нақты түсінгеніңе көзіңді жеткізіп ал. Егер негізгі ойларды өзің таңдайтын болсаң, онда тыңдаушыларыңа не мәлім екенін және қандай мақсатқа қол жеткізгің келетінін ескер. Бұл көбірек пайдалы болатын материалдарды іріктеп алуыңа көмектеседі. Егер алғашқыда материалдарды топтау мен тыңдаушыларыңның қажеттіліктерін анықтау қиындық тудырса, тәжірибелі баяндамашымен кеңес, ол саған көмектеседі. Не айтатыныңды нақты біліп, оның тыңдаушыларың үшін пайдалы екеніне сенімді болсаң, оны өзгелермен бөлісуге деген ықыласың қобалжудан да күшті болады.

Әсіресе алғы сөзіңе мән бер. Неден бастайтыныңды нақты білу өте маңызды. Әдетте бір-екі ауыз сөзден кейін қобалжу басылады.

Уағыздау қызметіне дайындалғанда да, осы қадамдарды жасау қажет. Не туралы айтатыныңды ғана емес, қандай адамдарды кездестіретінің жайлы да ойлан. Ұсынысыңды жақсылап дайында. Тәжірибелі жариялаушылармен кеңесіп көр.

Бәлкім, баяндаманың мәтінін толық жазып алып, тек оқып бере салсам, қобалжымаймын деп ойларсың. Алайда, шын мәнісінде, әрбір баяндаманың алдында одан бетер қобалжи бересің. Кейбір баяндамашылар көбірек жазып алса, өзгелері азырақ жазып алатыны рас. Бірақ, ең бастысы, тыңдаушыларың үшін құнды материал тапқаныңа толық сенімді болуың керек. Дәл осы нәрсе — толық жазып алған баяндама мәтіні емес — өзіңе көңіл аудармауыңа және тым қатты қобалжымауыңа көмектеседі.

Дауыстап айтып жаттық. Осылай етер болсаң, ойыңды жеткізе алатыныңды біліп, өзіңе сенімді боласың. Дауыстап жаттыққанда есіңде белгілі бір бейнелер қалады да, баяндамамен шыққанда олар дайын тұрады. Жаттыққанда көз алдыңда тыңдаушылар отырғанын елестетіп, мінбеде тұрғандай тұрып не үстелдің басында отырып сөйле.

Ехобадан көмек сұра. Ол мұндай дұғаға жауап бере ме? “Біз оның еркіне сай бір нәрсе сұрасақ, Құдай тілегімізге құлақ салады деп кәміл сенеміз” (Жох. 1-х. 5:14). Егерде Ехобаны даңқтауды, тыңдаушыларыңа оның Сөзін жақсырақ түсінуге көмектесуді қаласаң, әрине, ол дұғаңа жауап береді. Бұған сенімді болғаның саған дем беріп, тапсырмаңды орындауға көмектеседі. Киелі рухтың жемісін — сүйіспеншілік, қуаныш, ілтипаттылық және ұстамдылықты — дамытқан сайын, өзіңді ұстай білуге көмектесетін ой-қалпы қалыптасады (Ғал. 5:22, 23).

Тәжірибе жинақта. Қызметке неғұрлым көп шыққан сайын, соғұрлым азырақ қобалжитын боласың. Кездесулерде қаншалықты көп жауап берсең, өзгелердің алдында сөйлеу де соншалықты жеңіл болады. Қауым алдына көбірек шығып сөйлейтін болсаң, әр шыққанда қобалжығаның да азая береді. Осындай мүмкіндіктердің көбірек болғанын қалайсың ба? Онда біреудің орнына шығу керек болғанда, көмекке дайын тұр.

Енді осы қадамдардың бәрін жасағаннан кейін, өзіңді дұрыс ұстай алмаудың белгілерімен танысқаның жөн. Ал осы белгілерді анықтап, оларды жеңуді үйренгенде, қобалжымай сөйлеу жеңілірек болатынын көресің. Адамның өзін ұстай алмауы оның қимыл-әрекеті мен сөйлегенінен байқалады.

Қимыл-әрекеттен байқалуы. Өзіңді ұстай аласың ба, жоқ па, бұл тұрысың мен қолдарыңның қимылынан білінеді. Алдымен, қолды алайық. Егерде баяндамашы екі қолын екі жанында тік ұстап, яки қолдарын артқа ұстап не алдындағы қойғыштан қатып ұстап тұратын болса, сондай-ақ қолын қалтасына бір салып, бір шығарып, түймелерін түрткілеп, беті мен мұрнын жөнсіз ұстай берсе, я болмаса көзілдірігін қайта-қайта түзетіп немесе қолындағы қаламсабын айналдырып, сағатын, сақинасын және алдындағы қағаздарын қайта-қайта түрте берсе, сондай-ақ жасаған ишараттары еркін болмай, үзік-үзік болып жатса, бұл — оның өзін ұстай алмай тұрғаны.

Адамның өз-өзіне сенімсіздігі басқа да қимылдарынан байқалады. Мысалы, кейбіреулер аяқтарын тыпырлатып я теңселе береді, қақиып не бүкірейіп тұрып алады, еріндерін қайта-қайта жалап, жұтынып, жиі және үстірт тыныс алады.

Осындай қобалжудың белгілерімен шындап күресетін болса, олардан арылуға болады. Алайда бұлардың бәрінен бірден арылам деп ойлама. Біреуін таңдап ал да, одан арылу үшін не істеу керектігін алдын ала ойластыр. Күш сала отырып, қимыл-әрекеттеріңді қадағалауды үйренесің.

Сөйлегенде байқалуы. Қобалжығаннан даусымыз бір түрлі тым жоғары шығып не дірілдей бастауы мүмкін. Кейбіреулер жиі жөтеліп, я болмаса тым тез сөйлейді. Мұның бәрінен дауыстың шығуын саналы түрде қадағалай отырып, құтылуға болады.

Егер мінбеге шығар алдында қобалжып тұрғаныңды байқасаң, онда бірнеше рет терең тыныс ал. Тұла-бойыңды бос ұстауға тырыс. Қобалжып тұрғаныңа мән бермей, дайындаған мәліметіңді тыңдаушыларың неліктен есту керектігін ойлан. Сөйлемей тұрып, тыңдаушыларыңа қарап ал. Жылы жүзді біреуін тап та, оған қарап күлімсіре. Алғы сөзіңді асықпай бастап, беріліп сөйлеуге тырыс.

Қандай нәтиже күтуге болады? Қобалжуың сап тыйылады деп күтпе. Көпшіліктің алдына шығып сөйлеудің алдында кейде көп жылдық тәжірибесі бар баяндамашылардың өзі де қобалжиды. Алайда олар өздерін қолға алуды үйренген.

Егерде барынша күш салып, қобалжудың сыртқы белгілерінен арылатын болсаң, тыңдаушыларың сені өзін еркін сезінетін әрі байсалды баяндамашы ретінде қабыл алады. Бұдан кейін де қобалжуың мүмкін, бірақ мұны ешкім байқамайды.

Адреналиннің бөлініп шығуы қобалжу тудырғанымен, бұл ағзаның күш-қуатын арттыратынын есіңнен шығарма. Оны шабыттанып сөйлеуге жұмса.

Осы нәрсенің бәріне үйрену үшін міндетті түрде көпшіліктің алдына шығып сөйлейтін кезді күтудің қажеті жоқ. Күнделікті өзіңді ұстай алуға және айқын сөйлеуге үйрет. Бұл саған өзге де маңызды жағдайларда — мінбеге шығып сөйлеу мен уағыздауда — өзіңді сенімді сезінуіңе көмектеседі.

ӨЗІҢДІ ҰСТАЙ БІЛУ ҮШІН

  • Жақсылап дайындал.

  • Дауыстап айтып жаттық.

  • Дұғада “барлық уайымыңды Тәңірге тапсыр” (Заб. 54:23).

  • Уағыздауға үнемі шық, кездесуде жиі жауап бер және Мектепте біреудің орнына шығу керек болғанда, көмегіңді ұсын.

  • Өзіңде байқалатын қобалжудың белгілерін анықтап ал да, олармен күресуді үйрен.

ЖАТТЫҒУ: Бір ай бойы “Күзет мұнарасын” зерттеу және қауымның кітап зерттеу кездесуінде бір реттен көбірек жауап беруге тырыс. Екінші, үшінші рет жауап бергеніңде, азырақ қобалжитыныңа назар аудар.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу